8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2020 1995 0
Қоғам

ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІЛЕР – ПОЛИЦИЯНЫҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

21 қарашада Орал қаласы полиция басқармасында «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері – жас құқық қорғаушыларға куәлік тапсыру салтанаты өткізілді. Жалындаған жастарға куәліктерді Орал қ.ПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуанышқали Шаяхметұлы Меңдіғұлов табыстап, алдағы күндері бірлескен іс-шаралардың жүзеге асуына сәттіліктер тіледі.

Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты бірінші кезекте, еңбек, білім, денсаулықты қорғау салаларында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, жастардың зияткерлік және физикалық жағдайлар жасауға, позитивтік жастардың қоғамдық бастамаларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. Бірнеше жылдан бері түрлі құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, адамгершілік-құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында қалада поицияның қоғамдық көмекшілері жұмыс істейді. Адамдар көп жиналатын жерлерде, қала аумағында, шағын аудандарда қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жүйелі рейдтер өткізеді. Рейдтердің нәтижесінде, карантин уақытында құқық бұзушылықтар жасаған бірнеше тұлға тіркелді.

Қоғамдық көмекшілер – полицияның сенімді серігі, жыл басынан бері олардың берген мәліметтеріне сай 19 қылмыс, 257 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішу, ұсақ құқық бұзушылық, карантин режимін бұзу және т.б. Іс-шара аясында қоғамдық көмекшілер халық арасында Қазақстан Республикасы заңнамасын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ақпараттық жұмыс жүргізеді.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Орал қ.ПБ ЖПҚб аға инспекторы полиция майоры Ақтоты Кушкиновақоғамдық көмекшілердің ат салысуымен ашылған қылмыстар туралы шағын мәлімет жасап, «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігімен ынтымақты байланыс нығаятынын айтты.
Бұндай тиімді байланыстар өз кезегінде Орал қаласындағы құқықтық тәртіпті бақылауды күшейте түседі.

Бүгінгі күні басқармаға қарасты учаскелік полиция пункттерінде құрамында 248 адам жиналған 25 қоғамдық кеңес жұмысын жүйелі жүргізуде. Оның 3-еуі студенттік жасақ, жасақ құрамында 82 студент бар. Құрамына 26 адамды жинаған 2 күзет мекемесі де қаланың түнгі тыныштығының сақшылары болып отыр.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»