ОРАЛДА ГИМНАСТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Бүгін Орал қаласында батуттық гимнастика, акробатикалық жолда секіру және көркем гимнастика орталығы ашылды. Жаңа орталық оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан.

Батутта секіру және акробатика мен көркем гимнастика – олимпиадалық спорт түрі саналады. Демек аталған орталықтың ел намасын қорғайтын болашақ чемпиондарды даярлауда маңызы ерек. Өңірдің жас спортшылары бұған дейін №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі спорттық гимнастика, спорттық акробатика және интеллектуалды спорт түрлері бөлімдерінде оқу-жаттығу үрдісін жүргізіп келеді. 2017 жылдан бастап бұл спорт клубында батуттық гимнастика және акробатикалық жолда секіру бөлімі ашылған. Тынымсыз еңбек пен жүргізілген жаттығулардың арқасында бүгінде есімдері елге танылып, спортта жарқын жеңістерге жеткен, мектептің мақтанышы ғана емес, облысымыздың мәртебесін биіктетіп жүрген спортшылардың қатары артып келеді. Енді олардың жаттығу шараларын жүргізіп, одан әрі ширыға түсуіне, зор жетістіктерді бағындыруына жаңа мүмкіндіктер жасалуда.
Орталықтың салтанатты ашылуында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жас спортышыларға мүмкіндіктер жасауда инфрақұрылымдардың тиімді пайдаланылуы назарда екенін атап өтті.
– Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында шаһарымызда оқушылар мен жастар сарайы ашылған еді. Бұл жалпы батысқазақстандық оқушылар мен жастар үшін шығармашылықпен, спорттың түр-түрімен айналысуына мүмкіндіктер жасаған орынға айналды. Бүгін міне, осы ғимараттағы жеңіл атлетикалық залдың функциясы кеңейіп, енді батуттық гимнастика, акробатикалық жолда секіру және көркем гимнастика салаларында да жұмысты жалғастырмақ. Инфрақұрылымды тиімді пайдалану мақсатында қажетті құрал-жабдықтар алынды. Осы орталықта тәрбиеленген балаларымыз болашақта құрлықтық және әлемдік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болады деп күтеміз, – деді Бақытжан Хаберұлы.
Осы шараға арнайы Шымкенттен келіп қатысқан, бүгінге дейін бірнеше чемпиондарды тәрбиелеп шығарған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, акробатикадан, гимнастикадан спорт шебері Хикматулла Нұрходжаев балалардың жаттығуы үшін жағдай жасап, батутпен, акробатикалық жолмен қамтамасыз еткен өңір атқамінерлеріне ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, әлем чемпионаттарында дәл осындай батутта секіреді. Егер тағы бір батут алынса, бұл орталықта республика немесе Азия чемпионаттарын ұйымдастыруға болады.
– Жетекші спортшылардың да осында тәжірибе алмасу жиынын өткізуге болады. Өңірде келешегінен үміт күттірер ұландар бар. Облыс басшылығы жаттықтырушылардың тәрбиеленушілерді кәсіби жабдықтармен толыққанды дайындауларына жағдай жасап отыр. Жақын болашақта чемпиондарыңыз болады деп сенемін, – деді Хикматулла Хабиболлаұлы.
Шара барысында №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары мен Хикматулла Нұрходжаевтың шәкірттері – батуттық гимнастикадан халықаралық санаттағы спорт шебері, ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы, екі мәрте Әлем чемипионы, Азия ойындарының қола жүлдегері Пираммад Әлиев пен акробатикалық жолда секіруден ҚР чемпионы, Әлем чемпионатының финалисі Рустам Юсупов көрнекілік көрсетілім жасады. Сонымен қатар «Созвездие» көркем гимнастшыларының өнері тамашаланды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу