ӨЗГЕНІҢ КӨЛІГІН АЙДАП КЕТІП, ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНА ЖОЛ БЕРДІ
1 қазан күні түскі уақытта белгісіз тұлға №51 жалпы білім беретін орта мектептің қасында тұрған қара түсті «Хюндай Акцент» маркалы автокөлікті белгісіз бағытқа айдап кеткен. Осы аймақтағы кішігірім шаруаларын аяқтап, бейқам жүрген 1974 жылғы азаматша мектеп қасына жеткенде көлігінің жоқтығын байқап, лезде полицияға телефон соғып, айдалып кеткенін жеткізген. Шаған Пб жеке құрамы жұмылып, іздеуге кірісті.

«Хюндай» рөліне отырған жігіт көлікті зыңғыта желмен жарысып, бір шақырым ұзаған кезде рөлге ие бола алмай, өзге көлікке түйіскен. Сол екпінімен жол жиегіне түсіп, аударылған. Күдікті көліктен шығып, жанталаса ізін
жасырған.
Шаған Полиция бөлімінің КПб жедел уәкілдері оқиға орын алған күні көлікті іздеп, тапты. Ал, күдіктіні екі күннен соң ұстап, Шаған Полиция бөліміне жеткізді. 1996 жылғы, Ақжайық ауданының тұрғыны Б. есімді азамат қылмысын мойындады. Сонымен қатар, салон ішінен ақша ұрлаған.
Шаған Полиция бөлімі аталған факті бойынша көлікті айдап кету және ұрлық фактісімен 2 эпизодты қылмыстық іс қозғады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу