ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БҚО ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО бойынша филиалының төрағасы болып ақын, журналист Бауыржан Халиолла тағайындалды.

27 қыркүйек күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО бойынша филиалының пленарлық отырысы өтті. Басқосуды Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет жүргізді. Алдымен атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен бірге биыл 80 жасқа толған ақын Айтқали Нәріковті Қазақстан Жазушылар одағының атынан құттықтап, алғыс хат ұсынып, шапан кигізді.

Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО бойынша филиалының төрайымы қызметінен өз еркімен босаған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның иығына камзол жауып, атқарған қызметіне ризашылығын білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев ақын Ақұштап Бақтыгерееваның Ақжайықтың абыройын асқақтатып, мәдени-саяси іс-шараларда сүбелі үлес қосып жүргенін зор ілтипатпен айтып өтіп, облыс әкімінің алғысхатын табыс етті.

Бұдан кейін Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов сөз алып, одақ секретариатының бірауыздан шешімімен филиал директоры болып ақын Бауыржан Халиолла тағайындалғанын жеткізді.
Пленарлық отырысқа қатысушы ақын-жазушылар Айтқали Нәріков, Ғайсағали Сейтақ, Мира Шүйіншәлиева, Бауыржан Ғұбайдуллин, Амангелді Шахин, Дариға Мұштановалар сөз алып, өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бойынша филиалының төрайымы қызметін атқарған Ақұштап Бақтыгерееваға ризашылықтарын білдіріп, жаңа төраға Бауыржан Халиоллаға зор сенім артатындарын жеткізді.
Айта кетейік, Бауыржан Халиолла – Сырым ауданында дүниеге келген, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Ақын, айтыскер, журналист. Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпаз-жүлдегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 2016 жылдан бері Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры қызметін атқаруда.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер түсіндірілді
Тыйым салынған заттарды өз еркіңмен тапсыр – қауіпсіз болашаққа қадам бас
Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр
Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті қолға түсті

Кіру
Пікір үстеу