8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қыркүйек 2020 1259 0
Дені сау ұлт

ОРАЛДА ГЕМОДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

«Қала күні» мерекесін атап өту аясында Орал шаһарында бірнеше әлеуметтік нысан ашылуда. Солардың бірі бүгін, 2з қыркүйек күні салтанатты түрде жаңа ғимаратта жұмысын бастаған «BIOS» медициналық орталығының гемодиализ орталығы. Орталықтың ашылуына қала әкімі А.Шыныбеков қатысып, бүйрек ауруына ұшыраған науқастар үшін орны ерекше медициналық ұйымның жұмысымен танысты.    

 

«BIOS» ЖШС орталықтар желісінің Орал қаласындағы гемодиализ орталығы 2015 жылы жұмысын бастаған еді. Компания директоры Жеңіс Алкиннің айтуынша, алғашында шағын ғимаратта 5 диализдік құрылғымен созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар 10 науқасты қабылдаған. Бүгінде бұл ұйымнан қызмет алушылардың саны да артқан. Осы ретте орталық жаңа, жайлы ғимаратқа көшіріліп, қызмет көрсетуде. Орталықтың салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Абат Шыныбеков медициналық ұйымның  қызметіне сәттілік тілеп, әлемді жайлаған пандемиямен күресте барша қазақстандықтармен қатар оралдықтар да табандылықпен қарсы тұрғанын, соның ішінде медицина мамандарының азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегін атап өтті.

–  Мемлекет қаражатына ғана емес, жеке инвестициялар есебінен ашылатын нысандар – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының бір көрінісі. Жеке инвесторлардың тұрғындардың сұранысына орай әлеуметтік нысандарды іске қосуы – әл-ауқатымыздың артуы, экономикалық даму бағытындағы мемлекеттік қолдаудың нақтылығы. «Қала күні» аясында осы аптада көптеген жаңа нысандар ашылмақ. Солардың ішіндегі маңыздылығы айрықша нысан – осы гемодиализ орталығы. Адамдардың өмірі – мемлекеттің ең басты байлығы. BIOS гемодиализ орталығы – азаматтарымызды денсаулығын жақсартуда, өмірін ұзартуда сапалы қызмет атқарып келеді. Әрі орталықты кеңейту туралы жоспарлары бар. Бұл ретте қала әкімдігі қолдауға дайын. Диализге мұқтаж науқастарға қазіргі заманғы медициналық қондырғылармен қызмет көрсетуге мүмкіндік жеткілікті. Кәсіпкерлердің де осы саладағы қызметіне мемлекет тарапынан қолдау зор. Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры арқылы әр медициналық қызмет қаржыландырылуда, – деген Абат Абайұлы жаңа қондырғылармен жабдықталған орталықтың науқастардың сапалы ем алуына септігін тигізуін тіледі.

Орталықта германиялық «Bbraun» және жапониялық «Nipro» компанияларының он аппараты бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюповтың мәліметінше, диализдік ем жүргізуде құрылғылардың маңыздылығы зор.

– Бүгінде облыс аумағында үш гемодиализ орталығы жұмыс жасауда. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқастардың өмір сүруін ұзарту үшін сапалы ем жүргізілуі керек. Біріншіден, бұл трансплантация болса, екіншісі – бағдарламалық гемодиализ. Гемодиализдік аппараттардың техникалық сипаттамалары мен сапалы болуы – пациенттердің өмір сүруі ұзақтығына ықпалын тигізеді. Бұл ретте «BIOS» орталығының заманауи құрылғылармен жабдықталғанын көрдім. Bbraun – нарықта өте жақсы ұсынылған құрылғылар саналады,  – деді Болатбек Амангелдіұлы.

Сондай-ақ бұл орталықта швециялық «Gambro» су тазарту жүйесі орнатылған. «BIOS» орталықтар желісінің директоры Жеңіс Алкин атап өткендей, судың тазалығы емнің сапасына оң әсерін береді. Орталықта екі дәрігер-нефролог, сегіз медициналық қызметкер жұмыс жасайды.  Бүгінде 45 пациент гемодиализдік ем алуда. Жалпы үш ауысыммен 70-ке дейін науқасқа қызмет ұсынуға мүмкіндік бар. Пациенттерге ыстық тамақ беріліп, тасымалы ұйымдастырылады. Жоба тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көрсетілетін қызмет көлемі жылына  320 000 000 теңгені құрайды.

Айта кетейік, «BIOS» ЖШС 2000 жылы ашылған. Медициналық ұйым созылмалы бүйрек жетіспеушілігінен І және ІІ топтағы мүгедектерге көмек көрсетуді бастаған еліміздегі алғашқы жеке орталықтардың бірі. Олар 2003  жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында науқастарға диализ қызметін көрсетуде. Бүгінде аталған серіктестіктің Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Қостанай, Атырау және Орал қалаларындағы клиникаларында 400-ден аса пациент ем алады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
116 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
336 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
822 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1200 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1116 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1560 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2175 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2342 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2348 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2399 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2402 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2033 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2883 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2936 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2932 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3543 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3514 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3501 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3479 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3640 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3687 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»