8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қыркүйек 2020 2076 0
Қоғам

ОРАЛДА «АРҚАНДЫ САЯБАҚ» АШЫЛДЫ

Балалар мен ересектерге арналған спорттық сауықтыру орны БҚО ТЖД жедел құтқару жасағы базасы аумағында ашылды.

Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың орны ерекше. Сондай-ақ қала тұрғындарының бос уақыттарын таза ауада өткізуі үшін қолайлы жағдай жасалуының маңызы  зор. Осы мақсатта ашылып отырған «Арқанды саябақ» қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналатыны сөзсіз.

– Батыс Қазақстан облысы – еліміздегі табиғаты ерекше өңірлердің бірі. «Арқанды саябақты» ашу –  Орал қалалық әкімдігінің төтенше жағдайлар басқармасының бастамасы болатын. Олар осы тамаша аумақты ұсынды және саябақты ашу үшін бюджет қаржысы жұмсалған жоқ. Қала тұрғындары үшін азаматтар өз қол күшімен бәрін жасап шықты. Бұл тұрғындардың табиғаттың аясында қауіпсіз демалысы, таза ауада бой жазып, өзін дамытуы үшін жасалып жатқан  жақсы бастама деп санаймын, – деді саябақтың ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Асхат Кулбаев.

Саябақ 7 гектар аумақты қамтиды. Мұнда жеті кезеңді кедергі орнатылған. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, саябақта алдағы аптадан бастап жұма-сенбі-жексенбі күндері туристік және спорттық жарыстар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»