УЛЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗДЫҢ ҚАУПІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҮШІН ДАТЧИКТЕРДІ ОРНАТУ ЖАЛҒАСАДЫ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы туралы баяндады.

Электр техникалық құрылғыларды, жабдықтарды және жылыту пештерін қайта құру және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу тұрғын үй секторында өрттің пайда болуының негізгі себептері саналады. Отты абайсыз пайдалану, сөндірілмеген темекі, жерге тасталған сіріңке, пештің үстіндегі киімді кептіру, төсекте темекі шегу де тілсіз жаудың тұтануына себеп болаын жағдайлар аз емес. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Таубеков өткен жылғы жылу беру маусымының қорытындысын ескере отырып, 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бойынша кешенді шаралар қабылданып, тұрғын үй секторындағы алдын алу жұмыстары қайта қаралғанын мәлім етті. Осылайша, 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс – шаралар жоспары бекітіліп, тұрғын үй секторындағы төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған кезең-кезеңмен іс-шаралар көзделіп отыр.
– Барлық аумақтық бөлімшелерге тұрғын үйлердегі өрт кезінде, сондай-ақ жылыту кезеңінде улы газдан улану кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақат алу қаупін азайту бойынша шаралар кешенін үйлестіру және қабылдау бойынша міндеттер қойылды. Жоспардың басым бағыттарының бірі, міндетті түрде әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерін тарта отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына, жетім балалар мен көп балалы отбасылар тұрғын үйлеріне комиссиялық баруды ұйымдастырып, қажетті әлеуметтік көмекті анықтап және жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарын хабардар ету бойынша іс-шараларды орындау қажеттілігі болып табылады, – деді Нұрлан Сейдаханұлы.
БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік осал отбасылардың тізімін жаңартты. Жылыту кезеңі басталғанға дейін, яғни 15 қыркүйекке дейін халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін 100 пайыз қамти отырып, комиссиялық аралау жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істеу бойынша әлеуметтік карточка әзірленіп отыр. Ол тұрғын үйге барған сайын толтырылады. Аталған карточкада тұратын адамдардың саны, олардың әлеуметтік жағдайы, тұрғын үйдің жағдайы және т. б. туралы мәліметтер көрсетеледі.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде профилактикалық жұмыспен автономды жылыту жүйелері орнатылған төтенше жағдайлардың туындауына бейім тұрғын үйлер қамтылады. Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуге волонтерлік ұйымдарды, өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілерін, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тарту мәселесі пысықталған. Улы газбен немесе жану өнімдерімен уланудың қайғылы салдарларының қаупін азайту мақсатында тұрғын үйлерде улы және табиғи газдың жану өнімдерінің (түтіннің) қауіпті концентрациясын ерте анықтау датчиктерін орнату бойынша жұмыс жалғаса бермек.
Нұрлан Таубековтың мәлімдеуінше, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап облыс аумағында 103 сенсор орнатылған. 2020-2021 жылғы жылыту кезеңінің соңына дейін облыста 600-ден астам датчик орнату жоспарлануда.
Айта кетейік, өткен жылғы жылыту маусымы кезеңінде, яғни 2019 жылғы 15 қазаннан бастап 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Батыс Қазақстан облысы аумағында тұрғын үй секторында 517 өрт тіркеліп, залал 8 млн.теңгеден астам соманы құраған. Өртте 18 адам қаза болып, 22 адам жарақат алған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу