САБАҚ БОЛМАЙ ЖАТЫР ДЕП АЙТУ ДҰРЫС ЕМЕС – АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ
Бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуда жасалып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, білім саласы мамандары атқарып жатқан жұмыстарды жоққа шығармауды сұрады.

Министрді мәліметінше, бүгінде елімізде 2,6 млн. оқушы қашықтан, 800 мың оқушы дәстүрлі форматта оқып жатыр. Мысалы, кезекші сыныптарда 547 мың оқушы оқуда. Бұл жалпы контингенттің 16 пайызы. Сондай-ақ 250 мың бала оқушы саны 180-ге дейінгі мектептерде дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл жалпы контингенттің 7,3 пайызы. Жалпы алғанда оқушылардың 24 пайызы мектептердің қабырғасында оқуда. Елімізде 7000 мектеп болса, 3000-ы шалғайдағы ауылдардағы кішігірім мектеп.
– 1-4 сыныптың ата-аналары келісетін болса, біз оқушыларды толығымен оқытуға дайынбыз. Бірақ, өтініш білдіргендер 50 пайызға да жетпейді. Мәселен, 1 сыныптың 55 пайызы, 2 сыныптың 31 пайызы, 3 сыныптың 27 пайызы, 4 сыныптың 24 пайызы мектептегі сабаққа қатысып жатыр. 1-4 сынып оқушыларының жалпы саны 1 млн. 300 мың бала болса, 547 мыңы ғана кезекші сыныптарда оқуға келісімдерін берді. Сондай-ақ балабақшаларға да барлық балалардың келуіне мүмкіндік жасағанымызбен, 30 пайызы ғана келіп жүр, – деді Асхат Аймағамбетов.
Балаларды қашықтан оқыту үшін 435 мың компьютер уақытша берілген. Тағы да әкімдіктердің ықпалымен жақын уақытта 300 мыңнан астам компьютер жеткізіледі. Олар да мұқтаж азаматтарға, балаларға берілетін болады. Министр осы жұмыс әрі қарай жалғасатынын айтты. Бүгінде күн сайын орташа есеппен 2 млн. сабақ жүргізіледі.
– Күн сайын балалар 70-80 млн. рет онлайн сабақтарды білім беру платформаларынан көріп отыр. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Бір жұмада 12 млн. жеке қолданушы интернет платформаларды пайдаланған. Аптасына 6 күн сабақ оқиды десек, күніне 2 миллионға жуық адам аталған платформаларға кіріп, тиісті жұмысын істеп жатқанына көзіміз жетеді. Мысалы, Күнделік платформасына ғана күніне 700 мың баға қойылады. Күніне бір миллион тапсырма беріледі. Мұның бәрі сабақтың жүргізіліп жатқанын және әріптестеріміздің үлкен еңбек атқарып жатқанының белгісі. Бір ғана платформада 1 млн. 730 мың жаттығу мен мультимедиялық сабақ бар. 110 мың интерактивті сабақ бар, екіншісін алсақ 7000 видео сабақ пен 75 мың тапсырма бар. Жасалған жұмыс ауқымды. Осындай дайындалған сабақтармен балалар тиісті біліп алып жатыр. Теледидар арқылы да сабақтар берілуде. 6000-нан астам телесабақ түсірілді. Бұл да қол жетімді тетік екені белгілі. Сондықтан сабақ болмай жатыр деп айту дұрыс емес. 500 мың әріптесіміздің күн демей, түн демей жасап жатқан жұмысын сызып тастауға болмайды. Әрине, проблемалар бар, оны білеміз. Олар бойынша, күнделікті мектеп басшыларымен, ұстаздармен бірге жұмыстанатын боламыз, – деді Асхат Қанатұлы.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу