8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Тамыз 2020 1823 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Оралда инвестиция есебінен салынған жаңа мектеп ашылды. Жалпы аумағы 13 мың шаршы метр болатын заманауи үлгідегі нысан эстетикалық бағыттағы мектеп гимназиясына берілді. Салтанатты рәсімге БҚО әкімі Ғали Есқалиев, Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков,  инвестор – ҚПО б.в. компаниясының, мердігер мекеме – «Наурыз» ҚКФ» ЖШС-ның басшылары және білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Үш қабатты жаңа мектеп шаһардың солтүстік-шығыс шағынауданы аумағынан бой көтерді. Нысанның құрылысын жергілікті «Наурыз» ҚКФ 2019 жылдың мамырында бастап, жобаға сай 15  айдың ішінде аяқтады. Бұл мектепке ҚПО б.в компаниясы тарапынан 1 млрд. 700 млн. теңге қаражат бөлінген. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жаңадан қарқынды дамып келе жатқан ауданда мектептің ашылуы тұрғындар үшін де ерекше қуаныш екенін атап өтті.

– Күні кеше Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өттік. Осы айтулы мерекемен және білім күнімен баршаңызды құттықтаймын. Ата Заңымызда адамның құқықтары анық көрсетілген. Сол құқықтардың  бірі – Конституцияның 30-бабында жазылған: «Азаматтарға жалпы орта білім беру тегін болады». Сондықтан бұл мемлекеттің міндеті. Осы міндетті орындау үшін білім беру саласында инфрақұрылым болуы керек. Яғни, мектептер, балабақшалар салынуы керек. Биыл облыстағы 30  мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде және алты мектептің құрылысы басталды. Олардың екеуі – жеке инвеститция есебінен, төртеуі мемлекеттік бюджет арқылы салынуда. Осы мектептің ашылуына атсалысқан «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в» компаниясының басшыларына алғысымды білдіремін. Сондай-ақ құрылысты сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтаған «Наурыз құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС-ға рахметімді айтамын. Мектептің педагогикалық ұжымына білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріне сәттілік тілеймін,  – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Өңір басшысы атап өткендей, эстетикалық бағыттағы гимназия 1993 жылы ашылып, осы кезге дейін байырғы балабақша ғимаратында балаларды оқытып келген еді. Аталған білім ұясы жалпы білім беру бағдарламасымен қатар эстетикалық бағытта білім беретін әрі толық күндік жалғыз мектеп. Яғни, бұл мектепте өнерге, шетел тілдерін оқытуға, шығармашылықты дамытуға ерекше мән беріледі.

Жаңа  мектептің жалпы аумағы 13 мың шаршы метр болса, үш қабатты ғимарат 6148 шаршы метр. 24 сынып бөлмесі, лабораториялық және технология сабақтарына арналған бөлмелер, спорттық зал, акт залы, асхана толықтай жабдықталған.  Кітапхана жанынан READx, TEDx бұрыштары дайындалған. Мектеп ауласында спорттық алаң да салынған.

Осы кезге дейін орыс тілді болған гимназия биылғы оқу жылында қазақ сыныптарын ашты.  Білім ұясының басшысы Әлия Қайыржанованың айтуынша, 1 сынып бойынша екі қазақ сыныбына, 2, 3, 5, 6, 7 сыныптар бойынша бір-бірден қазақ тілді сыныптар ашылып, оқушылар қабылданған. Жалпы жаңа оқу жылында  гимназияда 850 оқушы білім алады. Бастауыш сыныптар бойынша 389 оқушы кезекші сыныптарда штаттық режимде жаңа оқу жылын бастамақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
331 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
433 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
676 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
943 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1167 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1207 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1360 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1553 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1784 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1871 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1984 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1988 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2023 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2022 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2128 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2350 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»