8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Тамыз 2020 1209 0
Қоғам

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІНЕ «ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ» АТАҒЫ БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы бүгін  «Білім сапасы мен негізгі құндылықтар: жаңа идеялар және тәжірибелер» тақырыбында тікелей эфирде өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде қала басшысы Абат Шыныбеков мәлім етті. 

– Қай халық болсын ұстазын сыйлап, қадірлеп, ерекше құрметтеген. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, сезімнің ақындығы, мінездің күн шуағы, адамның асылдығы» – деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, бүгінгі күні мұғалімдердің мәртебесін арттыру, моральдық тұрғыдан ынталандыруға  байланысты жұмыстар қолға алынып отыр. Өткен жылы тұңғыш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Бұл заңның аясында педагогика саласында жүрген қызметкерлердің мәртебесі айқындалып, бірқатар жеңілдіктер мен әртүрлі қолдаулар белгіленді. Соның ішінде бізге, жергілікті атқарушы органдарға да ұстаздарды көтермелеуге  мүмкіндік берілді. Осы ретте Орал қаласы әкімдігі алдағы қалалық мәслихаттың сессиясына «Орал қаласының Құрметті ұстазы» атағын беруді белгілеуді ұсынып отыр.  Бұл жергілікті атқарушы орган тарапынан білім сапасын көтеруде ұстаздарды ынталандыруға қолдау болады деп сенеміз,  – деді Абат Абайұлы.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
83 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
75 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»