ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА «АБАЙ ЗАЛЫ» АШЫЛДЫ
Болашақта залда Абайға қатысты, ұлттық руханият, қазақ әдебиетіне байланысты кездесулер, дөңгелек үстелдер, көрмелер, мәдени іс-шаралар өткізілмек. Сондай-ақ жерлес қаламгерлермен «Әдеби сыр-сұхбат» телевизиялық бағдарламасын осы залда түсіру жоспарланған.

Ұлы ақынның 175 жылдығына орай жабдықталған «Абай залының» ашылуына қатысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов елімізде алғаш рет атап өтіліп жатқан «Абай күні» мерекесімен құттықтады.
– Абай күнінің бекітілуі – еліміз үшін аса маңызды оқиға, ұлттың рухани жаңғыруындағы маңызды белес. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында «Мәселе – мерейтойда емес, тұғырлы тұлғаның туындыларынан тәлім алуда. Абайдың рухына тағзым ету, оның қағидатын ұстанып, аманатына адал болу сонда ғана жас ұрпақтың санасына қастерлі құндылықтарды сіңіреміз» деп жазды. Меніңше Абай рухы әр азаматтың, әр қазақтың жүрегінде дүрсілдеп соғып тұруы керек. Біздің күнделікті тыныс-тіршілігімізден, ішкі болмысымыздан Абайша ойлау, Абайлық көзқарас, Абайша пайым-парасаттың лебі сезіліп тұруы керек. Орталық кітапханада «Абай залының» ашылуы – Ұлы Абайдың рухына тағзым етудегі, телегей теңіз мұрасын насихаттаудағы маңызды шараның бірі. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста!» деген Абайдың сөзі әр азаматың ұстанымына, өмірлік темірқазығына айналуы керек, – деді Бақытжан Нарымбетов.
Абай залының төрінде ұлы ақынның бюсті қойылған. Гипстен жасалған, биіктігі 70 метр болатын бюст Асхат Молдағалиевтің туындысы. Абай ұрпағының шежіресі, отбасылық суреттері де бар. Залдағы жабдықтар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен хабар беретіндей арнайы таңдалып, қабырғасы ою-өрнекпен әспеттелген. Шаңырақ, кереге, текемет, керегеге ілінген домбыра, аң терісі, қамшы, ұлттық нақыштағы көрпелер, аласа үстел мен ағаш ыдыстар жүйелі түрде жинақталған.
600 мыңдай кітап қоры бар орталықтандырылған кітапхана қоры Абайдың 175 жылдығына тарту ретінде биыл «Абай қоры» баспасынан шыққан үш тілдегі 10 томдығымен толықтырылған. Шара барысында бұл кітаптар және Абайдың шығармашылығынан жинақталып, әр жылдары жарық көрген кітаптар, Абайтанушы ғалымдардың еңбектері, нотаға түсірілген өлеңдерінің жинағы, Абай бейнесін жазған қылқалам шеберлерінің суреттері «Абай –дана, Абай –дара қазақта» атты кітап көрмесіне қойылып, таныстырылды.
Сондай-ақ жыл басында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұйымдастырылған әлеуметтік желілерде шақыру тастау – челлендж қорытындысы жарияланып, үздіктер марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz



Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу