ОРАЛДА ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ ТӘРТІП БҰЗҒАН АЗАМАТТЫ ҰСТАДЫ
Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері қала көшесінде пышақ ұстап жүрген ер адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Көшеде қару алып жүрген азаматты құрамында патруль бастығы жауынгер Әбсет Айболат және патруль жауынгерлері Нәби Қожахметов пен Иван Жуков бар 5517 әскери бөлімінің әскери жасағы«Марина» кафесі маңынан ұстаған.
Хабарламада баяндалғандай, 1 тамыз күні кешкі 19.25 шамасында патрульде жүрген жеке құрам кафе маңынан ер азаматты байқаған. Ол азаматтың әскерилерді көргенде тұрғын үйлердің арасына жасырынуға тырысып, жүрісін жылдамдатуы патруль жасағының күдігін тудырған.
Жеке құрамның тез шешім қабылдап, батыл қимылдауының нәтижесінде ол ұсталып, құжаттарын тексеру және тыйым салынған заттардың болуын қарау кезінде сол жағындағы қалтасынан қолдан жасалған пышақ табылған.
Әр қарай тексеру жүргізу үшін ұсталған азамат және одан табылған суық қару полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Ал қызметті атқару кезіндегі батыл әрекеттері мен жоғары кәсібиліктері үшін әскери жасақ әскери бөлім командирі атынан ынталандырылды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу