ОРАЛДА 1,5 ЖЫЛ БҰРЫН ШАТЫРЫ ОПЫРЫЛҒАН ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ӘЛІ ШЕШІЛМЕГЕН
Шатыры ортасына түскен апатты үй тұрғындары тұрғынжай мәселесі әлі біржақты болған жоқ деп шағымдануда. 2019 жылдың ақпанының 8 жұлдызында таңғы сағат 05.00-де қалың қарды көтере алмаған Мұхит көшесі, 124/2 мекенжайындағы үйдің шатыры ұйқыда жатқан уақытта құлап, тұрғындарға қауіп төндірген болатын. Арада жыл жарым уақыт өтсе де мәселе сол күйі қалып отыр.

Қайрат Әйтімов қираған баспанада 10 жылдан астам уақыт тұрдым десе, Вера Сапункова 23 жыл аталған баспананның иесі екенін айтады. Жыл жарым уақыттан бері қираған үй тұрғындары ескі баспаналарының орнына бой көтеруі тиіс тұрғынжайдың құрылысы сағызша созылып кетті дейді. Мемлекет ұсынған үйді паналап жүргендер алдағы уақытта айдалада қаламыз ба деп қорқатындарын жасырмады.
Мұхит көшесі, 124/2 мекенжайындағы апатты үйде 13 отбасы тұрды. Олар қауіпсіз мемлекет ұсынған жалдамалы пәтерге көшірілді. Жатаған үйдің салынғанына 40 жылдан асқан. Бұл орында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаз түсісімен жаңа үй салу жоспарланған еді. Яғни өткен жылдың жаз айларында бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланған. Сала мамандарының айтуынша, аталған мекенжайдың жанында қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемесі болуы себепті құрылыс кідіріспен басталмақ. Яғни тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда дейді шенеуініктер.
– Жер кодексінің аймақтар мен жерлерді пайдалану режимі бойынша БҚО қылмыстық атқару жүйесі департементінен арнайы көппәтерлді баспана тұрғызуға рұқсат қағазын алуымыз керек. Бұл жұмыс көп ұзамай шешілуі тиіс. Басты кедергі еліміздегі ахуалға байланысты болып отыр. Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ, – дейдіТұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімнің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.
Құрылысқа жауапты мердігер компания жер мәселесін қалалық әкімдік шешкен бойда су жаңа тұрғын үйдің құрылысын бастайтынын айтты. Шамамен жаңа көп қабатты баспана 2 жыл ішінде тұрғызылатын болады.
Айта кетейік, бүгінде Оралда барлығы 41 апатты үй бар.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу