БҚО-ДА ЕКІ КҮН БОЙЫ ОРМАН МЕН ДАЛА ӨРТЕНДІ
13-14 шілде күндері облыстың Ақжайық және Теректі ауданы аумағында өрт тұтанып, орман алқабы отқа оранды. Оқиға орнына облыс әкімі Ғали Есқалиев барды. Облыс басшысының тапсырмасымен өртті сөндіру және оның салдарын жою жөніндегі жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауда.
13 шілде күні сағат 17.10-да БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында өрт шықты. Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт Чапаев орман шаруашылығы аумағына найзағай түсуінен және ауа температурасының 410С-қа дейін көтерілуінен тұтанған. Салдарынан 7 гектар құрғақ шөп пен 20 гектар аумақтағы орман алқабы отқа оранды. Желдің 15-20 м/с-қа дейін ұйтқуы да жалынның таралуына әсер етті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдай департаменті, орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндірушілерден жалпы 160 адам, 25 техника жұмылдырылып, өрт 14 шілде күні сағат 17.57-де ауыздықталды.
Дәл осы күні сағат 23.50-де Ақжайық ауданының Бударин ауылы Коловертное елдімекенінен 10 шақырымдағы Бударин орман шаруашылығы аумағынан өрт шығып, 5 гектар аумақтағы орман алқабы өртенген. Төтеншеліктер IV дәрежедегі өрт қаупі ретінде бағалады. 14 шілдеде сағат 10.00-де желдің бағытының өзгеруінен екінші ошақта – Жайықтың сол жақ бетіндегі Ақсоғым ауылы тұсында өрт күшейген. Ақсоғым ауылы маңындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығынан 34 қызметкер, ерікті сөндірулер тобы құрамынан 10 жұмысшы мен барлығы бес техника, Коловертное елдімекені тұсындағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 25, жедел құтқару жасағынан 10, апаттар медицина орталығынан – 4, жедел медициналық жәрдем бригадасы мен жолда медициналық көмек көрсету бригадасынан 10 қызметкер жолданған. Екі күн бойы жанған жалын 16 гектар аумақты шарпыды. Тілсіз жау 14 шілде күні 18.02-де ауыздықталған.
Өрт салдарынан екі үй және төрт шаруашылық жайы жанған. Коловертное елдімекенінен 42 адам оқшауланып, 15 ірі қара, 25 уақ жандық, 30 құс қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қазіргі уақытта барлығы үйлеріне оралды. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ 13 шілде күні Көнеккеткен ауылы аумағында Есенсай орман шаруашылығының орман алқабы өртеніп, 9 гектар аумақты өрт шарпыды. Төтеншеліктер өрттің себебін желдің күшеюінен Жайықтың оң жағалауында басталған өрттің сол жақ бетке өтуінен екенін мәлімдеді. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің төрт жеке құрамы мен ерікті өрт сөндірушілерден 12 адам жұмылдырылған.
14 шілде күні сағат 9.27-де Теректі ауданы Шағатай ауылы мен Ақсоғым елдімекені арасында құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Қатты желдің әсерінен сағат 16.00 шамасында Жайық өзенінің екінші жағына ұшып, Коловертное елдімекеніне қайтдан қауіп төндірген.
Шамамен 16 гектар аумақ отқа оранды. Өртті сөндіруге Атырау өңірінен «Қаз әуе құтқару» АҚ-ның су шашу құрылғысы бар МИ-884 тікұшағы тартылып, жалпы 90 тонна көлемінде су шашылған. Өртті сөндіруге 93 адам 11 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалын 19.02-де ауыздықталды.
Төтенше жағдайлар және орман шаруашылығы қызметкерлері қалған ошақтарды жою жұмыстарын және өрт болған аумақ айналасын қазу жұмыстарын жүргізуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
13 шілде күні сағат 17.10-да БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында өрт шықты. Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт Чапаев орман шаруашылығы аумағына найзағай түсуінен және ауа температурасының 410С-қа дейін көтерлуінен тұтанған. 7 гектар құрғақ шөп пен 20 гектар аумақтағы орман алқабы отқа оранды. Желдің 15-20 м/с-қа дейін ұйтқуы да жалынның таралуына әсер еткен. Өртті сөндіруге Төтенше жағдай департаменті, орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндірушілерден жалпы 160 адам, 25 техника жұмылдырылып, өрт 14 шілде күні сағат 17.57-де ауыздықталды.
Дәл осы күні сағат 23.50-де Ақжайық ауданының Бударин ауылы Коловертное елдімекенінен 10 шақырымдағы Бударин орман шаруашылығы аумағынан өрт шығып, 5 гектар аумақтағы орман алқабы өртенген. Төтеншеліктер IV дәрежедегі өрт қаупі ретінде бағалап отыр. 14 шілдеде сағат 10.00-де желдің бағытының өзгеруінен екінші ошақта, Жайықтың сол жақ бетіндегі Ақсоғым ауылы тұсында өрт күшейген. Ақсоғым ауылы маңындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығынан 34 қызметкер, ерікті сөндірулер тобы құрамынан 10 жұмысшы, бес техника, Коловертное елдімекені тұсындағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 25, жедел құтқару жасағынан 10, апаттар медицина орталығынан – 4, жедел медициналық жәрдем бригадасы мен жолда медициналық көмек көрсету бригадасынан 10 қызметкер жолданған. Екі күн бойы жанған жалын 16 гектар аумақты шарпыды. Тілсіз жау 14 шілді күні 18.02-де ауыздықталған.
Өрт салдарынан ек үй және төрт шаруашылық жайы жанған. Коловертное елдімекенінен 42 адам оқшауланып, 15 ірі қара, 25 уақ жандық, 30 құс қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қазіргі уақытта барлығы үйлеріне оралды. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ 13 шілде күні Көнеккеткен ауылы аумағында Есенсай орман шаруашылығының орман алқабы өртеніп, 9 гектар аумақты өрт шарпыды. Төтеншеліктер өрттің себебін желдің күйшеюінен Жайықтың оң жағалауында басталған өрттің сол жақ бетке өтуінен екенін мәлімдеді. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің төрт жеке құрамы мен ерікті өрт сөндірушілерден 12 адам жұмылдырылған.
14 шілде күні сағат 9.27-де Теректі ауданы Шағатай ауылы мен Ақсоғым елдімекені арасында құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Қатты желдің әсерінен сағат 16.00 шамасында Жайық өзенінен екі жағына ұшып, Коловертное елдімекеніне қауіп төндірген.
Шамамен 16 гектар аумақ отқа оранды. Өртті сөндіруге Атырау өңірінен «Қаз әуе құтқару» АҚ-ның су шашу құрылғысы бар МИ-884 тікұшағы тартылды. Жалпы 90 тонна көлемінде су шашылған. Өртті сөндіруге 93 адам 11 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде жалын 19.02-де ауыздықталды.
Төтенше жағдайлар департаменті және орман шаруашылығы қызметкерлері қалған өрт ошақтарын толықтай сөндіруде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Пікір үстеу