8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Шілде 2020 1215 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА МОБИЛЬДІК КЛИНИКАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

БҚО-да тұрғындардың үйде кеңес алуы және емделуі үшін барлық амбулаторияларда мобильдік клиникалар ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтты. 

– Медициналық кадрлардың жетіспеушілігіне және пневмонияның өсуіне байланысты біз науқастарды жоспарлы емдеуді уақытша тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Бұл, әрине басқа аурулармен ауыратын адамдарға медициналық қызметтерді уақытылы көрсетілуіне кері әсер етіп отыр. Осыған байланысты тұрғындар үйде кеңес алу және емделу үшін мобильдік клиникалар барлық амбулаторияларда ұйымдастырылды. Сондай-ақ, барлық емханаларда телефон қонырауларды қабылдайтын орталықтар жұмыс істеуде, – деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

Емханалардың нөмірлері www.stopcovid.kz сайтында орналастырылған. Облыс тұрғындары 109 нөміріне қоңырау шалып, емханалардың жұмысы туралы өз ұсыныстарын немесе шағымдарын білдіре алады.  Сонымен қатар, тұрғындар медициналық кеңес алу үшін де «109» нөміріне хабарласа алады. Операторлар тікелей жұқпалы аурулар дәрігерлері мен пульмонологтармен қосатын болады. Егер тұрғындар қандай да бір себептермен үйден шыға алмаса, еріктілер дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерді жеткізуге көмектеседі. Ол үшін де «109» нөміріне қоңырау шалу керек.

Аймақтағы коронавирус туралы барлық ақпарат stopcovid.kz сайтында жарияланады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»