ЫСТЫҚТАН САЯ ІЗДЕП, СУЫҚ ТИГІЗІП АЛМАҢЫЗ
Облыста ыстық ауа райы әлі де сақталады. Кей аудандарда сынап бағаны +43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Казгидромет орталығының мамандары мәлімдеді. Осы орайда дәрігерлер жасы егде тартқандарға үйде отыруға кеңес береді.

Шілденің шіліңгір ыстығы кім-кімге де қолайлы болмай тұр. Әсіресе, өкпе қабынуы дендеген шақта медициналық көмек қажет жандардың саны екі есеге артқан. Осы орайда ыстықтан жандарына сая іздеген жандардың балмұздақ, тоңазытқыштан сусын ішпегені абзал дейді жедел жәрдем қызметкерлері. Өйткені ағзаға бірден түскен суық сусын өкпенің қабынуына әкеп соқтыратын көрінеді.
– Мәселен, былтыр осы кезеңде күніне 500-600 шақырту түскен болса, бүгінгі уақытта тәулігіне 1500-1700-ге дейін жедел жәрдем қызметіне қоңырау түсуде. Барлығы облыс бойынша 39 бригада жұмыс жасайды. Оған қоса емханалар жанынан құрылған көмек тобы бар. Қазіргідей аптап ыстықта барынша суық тигізіп алмаудың қамын жасау қажет. Өйткені пневмания дерті мен коронавирус инфекциясы өршіп тұр. Оған қоса жедел жәрдем қызметінің мамандары арнайы медициналық формамен көмек көрсетеді. Костюмдерді киіп-шешу оңай емес. Сол себепті өздеріңізді күтіңіздер,– деді облыстық жедел жәрдем стансасының директоры Мадияр Өтешов.
Синоптиктер осы орайда аптап ыстық өңірде әлі де сақталады деп болжайды. Мәселен, шілденің 8 мен 10 жұлдызы аралығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
– Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Температура түнде 20-25, күндіз 35-40, оңтүстікте 43 градус жылы болады дейді ,– «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының инженер синоптигі Дәурен Ишанов.
Өткен демалыс күнінен бері екі апталық карантиндік шектеулер енгізілді. Жасы 65-тен асқан тұлғалардың тысқа шығуына шектеулер қойылды. Оған қоса қолайсыз ауа райында олардың үйде қалғандары дұрыс. Өйткені, егде жастағы жандардың жүректері әлсіз келетіндіктен қан қысымы көтеріліп, жағдайларының нашарлауы бек мүмкін. «Сақтансаң, сақтармын» демекші, бірінші байлық денсаулығымызға баса мән берейік.
Айнара ТӨЛЕУҒАЛИ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу