ЖҰМЫС РЕЖИМІНЕ ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қазақстан Республикасы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы шықты. БҚО-дағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Осы орайда БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында уақытша шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы шықты. Шектеу шаралары туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы М.Арыспаев түсіндірді.

БҚО бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің қаулысына сай облыс аумағында 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізіледі. Осы кезеңде жұмыс режиміне де шектеулер енгізілмек.
Нақтырақ айтқанда, штаттағы қызметкерлері 30-дан жоғары болатын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80 пайызы «қашықтан» жұмыс режиміне ауыстырылады. Жиындар, семинарлар, конференциялар бейнеконференц байланыс ақылы селекторлық режимде өткізіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн-режимде қызмет ұсынуы керек. Онлайн көрсетілмейтін қызметтер алдын алу жазылу арқылы сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін көрсетілуі тиіс.
Медициналық орталықтар алдын ала жазылу бойынша азаматтарды қабылдап, 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Стоматологиялық клиникалар пациенттерді жазылу бойынша қабылдап, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Ашық алаңдардағы азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Сауда сөрелері арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс және көкөністер мен жемістерден басқа азық-түлік өнімдері қапталған күйде ұсынылуы керек.
Азық-түлік дүкендері сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады. Оларда санитарлық талаптарды сақтап, көкөністер мен жемістерден басқа азық-түлік өнімдерін қапталған күйде ұсынуы керек.
Қоғамдық тамақтану орындарына тек сыртқа шығарып беру және жеткізу арқылы қызмет көрсетуге рұқсат беріледі. Жұмыс уақыттары – 10.00-ден 22.00-ге дейін.
Аумағы 500 шаршы метрден үлкен азық-түліктік емес дүкендер тек жеткізіп беру арқылы қызмет жасайды.
Банк қызметтері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, медициналық-әлеуметтік мекемелер 9.00-ден 16-00-ге дейін жұмыс жасайды. Қонақүй, демалыс орындары сынды адамдардың тұруы бойынша қызмет көрсететін нысандар орын санының 50 пайызынан асырмай тұрғындарды қабылдай алады.
Автожуу, автокөліктерді, тұрмыстық техника және басқаларын жөндеу орталықтары және осындай халықпен байланыссыз қызмет көрсету бойынша нысандар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Сақтандыру компаниялары, адвокаттық немесе заңгерлік, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агентіктері, сот орындаушылары кабинеттері, айырбастау пункттері, ломбард сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу