8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Маусым 2020 2643 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ ҚАДЫР АҚЫННЫҢ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ – БЕС ЖЫЛДЫҢ БЕЛЕСІНДЕ

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына биыл 85 жыл. Орал қаласында ақынның атындағы мәдениет және өнер орталығының ашылғанына 5 жыл толып отыр. Қос мерейтойға орай  БҚО әкімі Ғали Есқалиев және атаулы мерейтойға арнайы келген Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев, Айтқали Нәріков, мәдениет саласы қызметкерлері Қадыр ақының ескерткішіне гүл шоғын қойып, орталықта өткен «Бес жылдың  белесінде» атты мерекелік кешке қатысты.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және  өнер орталығы осыдан бес жыл бұрын, яғни ақынның  80 жылдық мерейтойында шаһардың 5-ші шағынауданынан ашылған еді. Киелі орталықта Жайықтың ақын-жазушыларының құрметіне әдебиет мұражайы және Қадыр Мырза Әлидің мемориалдық кабинеті жабдықталды. Мұндағы сөрелердегі Қадыр ақынның жеке кітапханасынан алынған 6767 кітап – орталықтың ең құнды қазынасы.  Бұл орталықта М.Горький атындағы кітапхана бөлімшесі мен Жанғали Нәбиуллин атындағы оқырмандар бөлмесі де бар. Сондай-ақ Жазушылар,  Композиторлар, Суретшілер,  Күйшілер Одақтарының бөлімшелері орналасқан.

  – Қазақтың қадірі кетпес Қаратауы, аласармас Алатауы – Қадыр Мырза Әли ағамыздың  85 жылдық мерейтойы  ұлы ойшылдарымыз –  Әл-Фараби, Абайдың мерейтойларымен қатар тойлануда. Бұл да заңдылық шығар. Өйткені олардың  ойсырап тұрған орнын ХХ ғасырда Қадыр Мырза Әли толтыра алды деп айтуға  болады. Өз өмірінің  әр күнін, әр сағатын қазақ әдебиетіне арнаған, аты аңызға, заты абызға айналған Қадыр Мырза Әлидің мерейтойы құтты болсын. Бес жыл бұрын ақының атындағы ашылған орталықта көптеген жақсы шаралар, атаулы мерейтойлар өтті. Жерлесіміздің есімін, шығармашылығын ұлықтап келе жатқан орталық ұжымына алғысымды айтамын.  Орталық жұмысына  сәттілік тілеймін, – деп құттықтау сөзімен мерекелік шараны ашқан облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы орталықтың бірнеше қызметкеріне  алғыс хат табыс етті.

Атыраулық мейман Қойшығұл Жылқышиев Қадыр ақынмен кездескен сәтін, өзінің Жазушылар Одағына қабылдануына Қадыр ағаның ықпал еткенін, осылайша шығармашылығын дамытуына жол сілтегенін еске алды. Сондай-ақ осыдан төрт жыл бұрын құрылған «Талант» халықаралық қорының атынан ақын Айтқали Нәріковке «Талант» төсбелгісін табыс етті. Бұдан бөлек Қадыр ақынның атындағы орталықтың басшысы Бауыржан Халиолланың өмірге  батыл көзқарасы, өршіл ақын, шоқтығы биік айтыскер екенін атап,  Атырау облысы әкімдігінің  «Махамбет» атындағы сыйлығын табыс етті.

Осы шарада бірқатар орталықтық қызметкерлеріне «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің  «Құрмет Грамотасы» және БҚО әкімі орынбасарының, БҚО Мәдениет басқармасының, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша филиалының төрағасының, Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының алғыс хаттары ұсынылды.

Айта кетейік, бес жыл ішінде киелі шаңырақ Қадыр ақынның шығармашылығын кең көлемде насихаттап, оған қоса өңірдегі таланттарды танытуда жүйелі жұмыс жасап келеді. Үш жыл бұрын «Қадыр жолымен» жобасы аясында орталықтағы өнер иелері мен жас өнерпаздардан «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымы құрылып,  Қадыр ақынның өлеңдері мен өлеңдеріне жазылған әндерін,  афоризмге айналған даналық ойларын, қағытпа қалжыңдарын дәріптеу мақсатымен еліміздің бірнеше өңірінде, облыстың ауыл-аймақтарында концерт берді. Сондай-ақ өнер ұжымы «Ауылдағы ардақтылар»,  «Жарқ етіп сөнген бір жұлдыз»,  «Елеулі есімдер»,  «Жұлдызды отбасы», «Тасада  жүрген таланттар»  сынды тамаша жобаларды қолға алды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
40 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
394 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
488 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
731 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
999 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1225 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1264 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1415 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1610 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1840 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1926 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2038 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2043 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2077 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2077 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2183 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»