8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2020 1634 0
Қоғам

27-28 МАУСЫМДА ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРЫ ҮШІН ТАСЫМАЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

 Батыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің 23 маусымдағы Қаулысына сәйкес, облыс аумағында 27-28 маусым күндері коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шаралары енгізілді. Білім басқармасы осы күндері тест тапсырушылары үшін арнайы тасымал ұйымдастырылатынын хабарлады. 

– Сенбі және жексенбі күндері өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттеріне тест тапсырушыларын жеткізуге тасымал ұйымдастырылады. Сонымен қатар аудандардан облыс орталығына келіп тест тапсырушылар үшін де  аудандық білім беру бөлімдері тасымалды қамтамасыз етеді, – деді БҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова.

Тасымалдауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
Орал қаласының білім беру бөлімі -8 747 113 49 23.
БҚО білім басқармасы- 8705 813 42 26.

Айта кетейік, Орал қаласында демалыс күндері – сенбі және жексенбіде, нақтырақ айтқанда 27 маусым сағат 00.00-ден (жұмадан сенбіге қараған түнгі) 29 маусым сағат 00.00-ге дейін (жексенбіден дүйсенбіге  қараған түн) қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Еске сала кетейік, БҚО-да ҰБТ 22 маусым күні басталды. Төрт  күн ішінде  2041 талапкер тест тапсырды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»