ОРАЛДА ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОСЫМША ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ
Орал қаласында демалыс күндері – сенбі және жексенбіде, нақтырақ айтқанда 27 маусым сағат 00.00-ден (жұмадан сенбіге қараған түнгі) 29 маусым сағат 00.00-ге дейін (жексенбіден дүйсенбіге қараған түн) қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков айтты.

Бүгін, 23 маусым күні БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің демалыс күндеріне қосымша шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулысы шықты. Жаңа қаулыда көрсетілген шектеулер туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы түсіндірді.
Екі күн ішінде азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Тек жүріп-тұру тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері болған жағдайда жұмыс орнынан анықтамасы (не қызметтік куәлік) болса жұмысына барып-келуіне рұқсат. Сондай-ақ азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық бұйымдарды алу үшін тұратын жеріне және жұмыс орнына жақын дүкендерге және дәріханаларға барып сатып алуға болады. Шұғыл жағдайлар бойынша медициналық ұйымдарға баруға рұқсат етіледі. Ал үй жануарларын тұрғылықты жеріне жақын жерде серуендетуге ғана рұқсат беріледі.
Екіншіден қосымша уақытша шектеулер кезеңінде 65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылмақ.
Үшіншіден, фитнес орталықтары мен басқа да спорттық нысандар жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық орындар – саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және тұрғындардың өзге де демалыс орындары жабық болады. Осы екі күн ішінде қоғамдық көліктер қозғалысы 100 пайыз тоқтатылады.
– Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен үйлері, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілері тоқтатылғанымен, «үй жанындағы дүкендер» форматындағы филиалдары жұмыс жасай береді. Сол себепті азық-түлік сатып алуға кедергі болмайды. Ешқандай ажиотаж болмауы керек. Дайындалуға да үш күндей уақыт бар. Оған дейін барлық шаруаларыңызды қамдап, сенбі-жексенбіде үйде отыратындай болуымыз керек. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану нысандарының барлығы тоқтатылады. Тек шығарып беру сервисі бар ашық алаңдағы қоғамдық тамақтандыру нысандары жұмыстарын жалғастыра алады, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.
Аудан тұрғындары да осы екі күн ішінде облыс орталығына қажетсіз қозғалыстарды шектеуі қажет. Бұл күндері тек жұмысқа баратындар мен шұғыл медициналық көмекке жүгінушілердің қозғалысына ғана рұқсат беріліп, аудан тұрғындарының қалада жүруіне рұқсат болмайды.
Қаладағы жаппай дезинфекциялау жұмыстары да осы екі күн ішінде жүргізілмек. Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың ақпаратынша, әр сауда орталығы, алаңдарда, қоғамдық көліктерде, коммуналдық шаруашылықтар мен адамдар көп жиналаын саябақтарда дезинфекция жүргізілмек. Бұл жұмыстарды атқаруға төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және коммуналдық сала қызметкерлері жұмылдырылады.
– 240-тан аса негізгі көшеде, 60-тан аса саябақтар мен алаңдарда және демалыс орындарында, 600-дей аялдамада дезинфекция жүргізуді көздеп отырмыз. Сонымен қатар пәтер иелері кооперативтері мен көп қабатты үйлердің тұрғындарын өз аулалары мен балалар алаңдарына дезинфекция жүргізуге шақырамыз. Сонымен қатар қалада қозғалыстың көптігі – үлкен мәселе болып отыр. Осы орайда 24 маусымнан бастап, яғни бүгінгі сағат кешкі 23-00-ден бастап, таңғы 6.00-ге дейін барлық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілуде. Тек жедел жәрдем, құтқару және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші арнайы құрылымдардың автокөліктерінің қозғалысына рұқсат, – деді Абат Абайұлы.
Сондай-ақ қосымша шектеу шаралары туралы алдағы үш күн бойы мониторинг топтары түсінік жұмыстарын жүргізетінін, қалада азық-түлік қоры жеткілікті екенін және негізсіз абыржуға себеп жоқ екенін жеткізді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу