БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 183 НАУҚАСТАН ПНЕВМОНИЯ АНЫҚТАЛДЫ
БҚО бойынша коронавирус жұқпасының 1157 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін 800 адам жазылды. Өкінішке орай, 6 адам осы індеттен қайтыс болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюповтың мәліметінше, бүгінгі күнге аурушаңдық деңгейі – 2,8 пайыз.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарында 317 науқас ем алуда. Олардың сегізі – балалар, 12-сі – жүкті әйелдер. Пациентердің 26-сында ауру жеңіл деңгейде болса, 261 науқастың ауруы ауырлығы орташа деңгейде, 30 науқастың жағдайы ауыр. Ем алып жатқандардың 183-інен пневмония анықталған. 16 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған. Емдеу диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде.
Инфекциялық стационарлар қазіргі уақытта 65,1 пайызға толық, провизорлық стационарлар 40,9 пайызға толды. Қосымша көпбейінді қалалық аурухана базасынан 220 инфекциялық кереует дайындалған. Мұнда да бүгіннің өзінде 130 пациент орналастырылды. Облыстың бас дәрігерінің сөзінше, бүгінде жедел медициналық жәрдемге жүгінушілер 7 есеге артқан. Мәселен, демалыс күні жедел жәрдемге 968 шақырту түскен.
– Әр минут сайын аурулар саны көбеюде. Демалыс күндері 62 науқас коронавирус жұқпасымен ауруханаға жатқызылды. Санитарлық талаптарды қаперге алмаудың салдарынан бір отбасы мүшелерінің түгелдей коронавирус жұқтыруына әкелуде. Жаңа жағдайлардың көбеюі көбіне отбасылық ошақтарда тіркелуіне байланысты болып отыр. Күн сайын бір отбасының 2-5-7 адамынан инфекция анықталуда. Отбасылық іс-шаралар өткізу кезінде де індеттің жұғу жағдайлары байқалды. Кейбір адамдардың санитарлық талаптарға мән бермеуі отбасы мүшелерінің толықтай індетті жұқтыруына әкеліп отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, коронавирус созылмалы аурулары болмаған адамдарға да аса қауіпті. Ауырған кезде өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Аса қажеттілік болмаса, халық көп жиналатын орындарға бармаған дұрыс. Міндетті түрді маска тағып, арақашықтықты сақтап, антисептик қолдану керек. Коронавирустың жұғу тәуекелі төмендеген жоқ, – деді Болатбек Амангелдіұлы.
Бұдан бөлек облыстың бас дәрігері инфекциядан қорғану бойынша кеңес беріп, гигиеналық талаптарды сақтау, соның ішінде қолды сабынды сумен жуып, құрамында спирті бар антисептикпен өңдеп жүруді ұсынды. Көзді, мұрынды, ауызды қолмен ұстамау керек. Жөтелген немесе түшкірген адамдардан қашық болған жөн. Түшкірген жағдайда шынтақпен немесе орамалмен ауызды жапқан дұрыс. Сондай-ақ өзгелермен құшақтасу, сүйісу, қол алысу сынды физикалық байланыс жасамаған жөн. Бөлмені күніне бірнеше рет желдету, құрамында хлоры бар сұйықтықты қолданып, дымқыл тазалық жүргізу де инфекциядан қорғанудың әдістері.
Әр адам өз денсаулығы үшін жауапты. Сондықтан әркімге өзінің дене қызуын өлшеп тұру артық етпейді. Ал қандай да симптомдар байқалса, үйде қалып, медициналық көмек шақырту керек.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу