ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков 11 жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, мыңнан тұлпар атанған, жоғары білім көрсетіп, артқан үмітті ақтаған «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті. Салтанатты шара онлайн түрде ұйымдастырылды.

Биыл Оралда қала мектептері бойынша 49 955 оқушы кезекті оқу жылын аяқтаса, оның ішінде 2013 мектеп түлегі жаңа өмірге қадам басты. 86 мектеп түлегі «Алтын белгі» иегері, 70 түлек үздік аттестат иегері атанды.
– Қымбатты мектеп бітіруші түлектер, әрқайсыңыз алтын ұя мектептеріңізде 11 жыл оқып, ұстаздар тарапынан сапалы білім, саналы тәрбие алып, өмірдің үлкен көшіне аяқ басқалы отырсыздар. Алдағы үлкен өмір – ол сіздердің келешектеріңіз. Сіздердің осы алған білімдеріңіз, таңдаған мамандықтарыңыз ертеңгі өмірлеріңіздің үлкен жолы. Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектер – қаламыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Отансүйгіштік рухтарың мықты болып, азаматтық жігерлерің мұқалмасын. «Ұстаз бақыты – шәкірт жүзіндегі қуаныш» деп даналық сөзде айтылғандай, сіздердің жетістіктеріңіз бен бақытты болуларыңыз бәріміздің ортақ тілегіміз. Үлкен өмірдің жаңа парағын ашқалы отырған Сіздерге асыл арман, таудай талап, кемел білім, жарқын болашақ тілеймін, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.
Сондай-ақ қала әкімі әлемді жайлаған пандемияға байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, сақтық шараларын сақтау мақсатында мектептер оқушыларын қашықтан оқытып, соңғы қоңырау рәсімі онлайн түрде өткізілгеніне тоқталып, осы сындарлы сәтте қиын жағдайға қарамастан оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастыра білген ұстаздарға, балаларға тіреу болып, қолдау білдірген ата-аналар қауымына зор алғысын жеткізді.
Түлектер атынан Ахат Әбдрахманов, Лиана Кизилова, Сымбат Давлетчарова, Глеб Лобашкин сөз алып, шаһар басшысына және өздерін оқытқан ұстаздарына ризашылықтарын білдірді.
Салтанатты шарада қала әкімі атынан түлектерге кітап пен бағалы сыйлық табыс етілді.
Айта кетейік, қала бойынша 1691 түлек ҰБТ орталығына онлайн тіркелген. Яғни мектеп түлектерінің 84 пайызы ҰБТ тапсырады. «Алтын белгі» иегерлері ішінен қазірдің өзінде әр түрлі жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанып отырғандары да бар. №6 жалпы орта білім беретін мектептен Ангелина Абдурахманова химиялық инженерия бағыты бойынша Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің грантын ұтып алған. №27 мектеп-лицейінің түлегі Зарина Габдуллина және №44 мектеп гимназиясының түлегі Жұлдыз Алтаева Назарбаев Университетінің студенттері атанып отыр. №35 мектеп лицейінің түлегі Глеб Лобашкин Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Алина Искакова Канада университетінің грант иегерлері. Альфия Сятова, Мария Клосс және Әмина Кенесары Мәскеу, УФА қалаларының жоғары оқу орындарына түсіп отыр.
zhaikuni.kz

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу