8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2020 2262 0
Қоғам

ҰБТ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Сәрсенғалиева Ұлттыұ бірыңғай тестілеудің өткізілуі мен талапкерлердің оқуға түсу кезінде қойылатын талаптар туралы айтып берді. 

– Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу уақыты маусымның аяғы мен шілденің басы болғандықтан бүгінгі таңда ҰБТ форматын бұрынғыдай қалдыру ұйғарылған болатын. Ағымдағы жылғы 10 мамырда сағат 24.00-де ҰБТ базасына тіркеу аяқталды, 20 мамырдан кейін тестілеуге қатысушылардың жеке кабинеттерінде рұқсат қағаздарын ала алады.  Ұлттық тестілеу орталығының сайтында сынама тестілердің 70 нұсқасы жарияланды. Әрбір мектеп бітірушінің аталған тестілерді ақысыз тапсыру мүмкіндігі болды. ҰБТ тапсырмаларында 4-тоқсан тақырыптары бойынша сұрақтар жоқ, – деді Гүлнар Сәрсенғалиева.

Сондай-ақ биыл ҰБТ-ға  өзгерістер еніп отыр. Нақтырақ айтқанда, «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша межелі балл барлық жоғары оқу орындары үшін 60-тан 70-ке дейін өсті; екіншіден, білім гранты бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін білім салалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен білім беру салалары бойынша қосымша емтихандар енгізілді; үшіншіден, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім салалары бойынша ҰБТ-ң межелі баллын бекітеді; төртіншіден, SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілерді баллға ауыстыру шкаласы енгізілді. SAT, ACT халықаралық стандартталған тестілердің және IB халықаралық бакалавриат бағдарламасының сертификат иелері тестілеуден босатылады; бесіншіден, межелі баллды ала алмаған және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы бөлімге қабылданған тұлғалар ҰБТ-ді бір жылдың ішінде қайта тапсыра алады. Сондай-ақ ҰБТ қорытындысы бойынша қатысушыларға электрондық сертификат берілетін болады, сертификат Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

ҰБТ кезіндегі оқуға түсушілердің жауапкершілігі де күшейтіліп отыр. Егерде оқуға түсушілердің арасынан ғимаратқа кірер алдында ҰБТ кезінде пайлануға тыйым салынған заттар мен өздерінің орнына басқа бір адамды жіберу фактісі орын алса, ондай тұлғалар тестілеуге және осы жылғы тестілеуге жіберілмейді. Сонымен қатар ҰБТ өткізілгеннен кейін бейнебақылау камераларындағы жазбалалар зерделенеді. Егерде бейнежазбаларда оқуға түсушілерден ҰБТ кезінде қолдануға тыйым салынған заттардың біреуі анықталған болса, білім грантын тағайындау бойынша конкурстың нәтижелері ҚР БҒМ бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның қаулысымен жойылатын болады.

Санитарлық эпидемиялық талаптар және қорғау шаралары күшейтіледі. Яғни арақашықтықты сақтау мақсатында тест тапсырушылырдың саны 1 аудиторияда 50% қысқарады.

– Жеке тұлғаны электрондық түрде сәйкестендіру жолы қарастырылуда. Бұл жағдайда қағаз түрінде рұқсатнама қажет болмайды. ҰБТ өткізу пункттері санитайзерлермен  қамтамасыз етілуі тиіс және қатысуышларға маскалар беріледі. Тестіленушілер саны азайтылғандықтан лектер саны көбейтілуде. Аппеляция тесттен кейінгі келесі күні өтетін болады, – деп түсіндірді Гүлнар Ақмырзақызы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
69 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
141 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
370 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
853 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1231 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1137 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2206 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2370 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2378 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2429 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2433 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2052 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2913 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2967 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2961 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3542 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3533 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3508 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3669 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»