БҚО-ДА КАРАНТИНДІК РЕЖИМ 15 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қызметін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

Қазіргі уақытта облыста коронавирус жұқпасының 370 жағдайы тіркелді. 22 мамырға өсім 2,8 пайызды құрап отыр. Нұрлыбек Мұстаевтың хабарлауынша, олардың 251-і сырттан әкелінген, яғни Атырау мен Ресейден келгендер. 114 жағдай қарым-қатынас негізінде жұқтырылған. Олардың 63-і медицина, бесеуі – полиция қызметкері, 43 жағдай үй ошақтарында жұққан. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 144 адам ем алуда. Провизорлық стационарда – 24, карантиндік стационарда – 217, үй оқшаулауында – 1208 адам дәрігерлер бақылауында. 216 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің бақылауында.

– Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, БҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен карантиндік режим 25 мамырдан бастап 15 маусымға дейін ұзарады. Негізгі себептерінің бірі – облыстағы аурушаңдық деңгейінің төмендемеуі. Санитарлық қызмет мамандары күнде мониторинг жүргізуде. Аурушаңдық көрсеткіші 21 мамырда – 2,5 болған еді, 22 мамырға – 2,8 пайызға көтерілді. Сол сияқты апта ішінде 4,1 және 3,8 пайыздық көрсеткіштер тіркелді. Әлі де төмендеу байқалмайды. Аурушаңдық деңгейі 15 маусымға дейін 2 пайызға дейін төмендейтін болса, 15 маусымнан кейін карантиндік режим шектеулері жеңілдетіліп, қалған нысандар ашылуы мүмкін, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Аурушаңдықтың 340 жағдайы – Орал қаласында, бесеуі – Ақжайық ауданында, жетеуі – Бөрлі ауданында, біреуі – Теректіде, үшеуі – Бәйтерек, 10 жағдай – Тасқала ауданында тіркелді. Сондай-ақ Сырым ауданында төрт жағдай тіркеліп, аудандық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин жарияланды.
– Сырым ауданы бойынша алғашқы тіркелген науқасқа жүргізілген эпидемиологиялық тергеу барысында ол 14 күн бойы үйде болғанын, ешқайда бармағанын айтқан еді. Алайда, оның Орал қаласына келгені анықталды. Осы факті бойынша эпидемиологиялық тергеу жалғасуда, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Ескерерлік маңызды жайт – азаматтар өздерінен вирустық жұқпалардың белгілерін байқаған кезде ауруханаға бармай, бірден 103 қызметіне жүгінулері қажет. Өйткені егер ол азаматтан вирустың оң нәтижесі анықталса, оның қарым-қатынасқа түскен адамдарының саны да көбейіп, вирусты жұқтырғандар да артуы ықтимал.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу