8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2020 2015 0
Қоғам

БҚО-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ҮШ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

БҚО-да  биыл үш мектептің құрылысын бастауға және аяқтауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді. Бұл үш ауысымдық және апатты мектептердің азаюына ықпал етпек.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста 11 356 оқушыны қамтитын 7 үш ауысымды мектеп бар. Жалпы оқушы орнының тапшылығы – 2 281 орын.

Нақтырақ айтқанда, Орал қаласында №47 ЖОББМ, №10 ЖОББМ, №20 ЖОББМ, Эстетикалық бағыттағы гимназия, №18 ЖОББМ, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ, Теректі ауданында Подстепной қазақ ЖОББМ үшауысымда оқытуда. Сондай-ақ оқушылар контингентінің көбеюіне  байланысты Орал қ. №46 ЖОББМ үшауысымдықтың алдында тұр.

Жалпы 3752 оқушы білім алатын сегіз мектеп апатты жағдайда. Олар – Орал қаласындағы №33 ЖОББМ, №31 ЖОББМ, №8 ОДБММ, Қазталов ауданы Қазталов ауылы А.Оразбаева атындағы ЖОББМ, Жұлдыз ауылы Хұсайынов атындағы ЖОББМ, Сарықұдық негізгі мектебі, Ақжайық ауданы М.Өтемісов атындағы ЖОББМ, Чапаев ауылы Абай атындағы гимназия.

–  Биыл үш мектептің құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Ақжайық ауданы Чапаев ауылында  100 орындық интернатымен 300 орынға  есептелген мектептің құрылысы аяқталып, апатты мектептің орнына пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Орал қаласында 900 орындық №51 мектеп ғимарат қолданысқа беріліп, үш ауысымда оқытуды қысқартуға мүмкіндік жасалмақ.  Сонымен бірге  республикалық бюджеттен  бөлінген қаржы Қазталов ауданы Қазталов ауылында  апатты  мектептің  орнына салынып жатқан нысан құрылысына жұмсалады. Бұл мектеп 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, – деді БҚО білім басқармасының баспаөз қызметркері Үміт Жәңгірова.

Бұдан бөлек облыста  «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы білім ұялары құрылысы,  , жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
40 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
89 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
52 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
278 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»