СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС 46, 46/1-ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ
Қаладағы Солтүстік-шығыс 46, 46/1-үйлердің ауласын абаттантандыру жұмыстарын «Айдана» ЖШС бүгін ғана қолға алыпты. Қазір мұнда балалар ойын, спорт алаңқайларын, аулаішілік жолдар салу жоспарланған. Кеше қала әкімі Абат Шыныбеков аталмыш мекенжайдағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен жүздесті.

Серіктестік басшысы Аветик Амирханян биыл қаладағы 12 аула аумағын абаттандыруды жоспарлап отырған көрінеді. Әзірге, төрт аулада жұмыстар басталған. Қазір қос үйдің ауласында аула жолын кеңейту және балалар ойын алаңшасының орнын дайындау жұмыстары қарқын алған. Мұнда бұрын балғындар ойнайтын алаңша болмаған. Оны сұрап талай табалдырықты тоздырған тұрғындар биыл талап тілектерінің орындалғанына қуанышты. Аула абаттандырылып, заманауи ойын элементтері мен орындықтар, қоқыс тастайтын құтылар орнатылмақ. Сондай-ақ автотұрақтар орнын салу, жарықтандыру жоспарланған. Аула тұрғыны Балғазы Мирасбектің айтуынша, орындықтарды есіктің алдына емес, қашыққа салған жөн. Бұл орайда мердігер құрылыс жұмыстарын тұрғындардың пікірімен санасып, келісе отырып жасайтынын жеткізді. Ал қала әкімі Абат Абайұлы ауладағы құлағалы тұрған ескі ағаштарды кесу бойынша тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу