БҚО-ДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ЕКІ ШЕТЕЛДІК ТІРКЕЛДІ
Екі азамат та Өзбекстан Республикасының азаматттары. Бұл жөнінде бүгін шұғыл тікелей эфирге шыққан БҚО мемлекеттік бас санитар-дәрігері хабарлады.

Облыстың бас санитар-дәрігері М. Арсыпаевтың мәліметінше, халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтарында Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпел бекетіндегі санитарлық-карантиндік бақылаудан өту кезінде санитарлық-карантиндік бақылау қызметкерлері сауалнама жүргізу және қашықтықтан термометрия жүргізу кезінде азаматтардың бірінде температураның жоғарылауы анықталған. Аталған азаматтар іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес оқшауланып, жедел жәрдем қызметі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирустық инфекцияға зертханалық талдау жүргізілді. ПТР зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланған.
БҚО денсаулық сақтау басұармасы басшысы Болатбек Қаюпов қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда екенін жеткізді. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынған. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.
Айта кетейік, бұған дейін, яғни 29 наурызда облыста екі азаматтың короеавирустық инфекция жұқтырғаны тіркелген еді. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусты инфекциямен барлығы 4 адам ем алуда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу