8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2020 1139 0
Өзек

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСАҒАНЫ ҮШІН 31 ТҰЛҒА СОТТАЛДЫ

27 наурыз күні «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні мен негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингін жүргізу сатылай түрде сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім мемлекеттік органдар салаларын, бұл органдар ішінде қызметкерлері жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға бейім бөлімшелерді анықтауға және осы салалар бойынша қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының түрлерін белгілеуге негізделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің практикалық маңыздылығы – оның нәтижелері мемлекеттік органдарға сәйкесті ұйымдастырушылық немесе құқықтық шаралар қабылдау арқылы анықталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

Департаменттің штаб басшысы О.П.Кривцова мониторингтің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соққан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бағыты бойынша көрсеткіштерге тоқталды.

2019 жылғы құқықтық статистикаға сәйкес облыс бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 31 тұлға сотталған, оның ішінде 21 лауазымды тұлға, 10 жеке тұлға. Сотталған 21 лауазымды тұлғаның 13-і орталық мемлекеттік органдардың, 8-і жергілікті атқарушы органдардың қызметшілері.

Мониторинг нәтижелері 2019 жылы орталық мемлекеттік органдар бойынша облыс бойынша сотталғандар ішкі істер органдары, қаржы, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері екенін көрсетті.

Жергілікті атқарушы органдар бойынша сотталғандар әкім аппараттары, тұрғын үй шаруашылығы, ветеринария және білім беру салаларының қызметшілері.

Одан әрі Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Г.М.Мырзақаева мониторингтің әкімшілік жауапкершілікке әкеп соққан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, мемлекетік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және әлеуметтік сауалнама қорытындыларымен таныстырды.

2019 жылы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабымен көзделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке 1 тұлға тартылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін 33 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен 28, жергілікті атқарушы органдардан – 5. Бұл теріс қылықтар ішкі істер органдарында, қылмыстық атқару жүйесінде, әділет органында, әкімдіктер мен оның бөлімдерінде орын алған.

2019 жылы бұқаралық ақпарат құраладры мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдар қызметшілеріне қатысты 52 жағымсыз материал жарияланып, оның 13-і расталды. Бұл жарияланымдарда келтірілген фактілер бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар жоқ, 12 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өңірімізде жүргізілген сауалнама қорытындысын талдау нәтижелері 2019 жылы жемқорлықтың таралу деңгейі төмендегенін, сонымен қатар, тұрғындар мемлекеттік органдармен қабылданып жатырған іс-шараларды жоғары бағалап, қолдайтынын көрсетті.

2019 жылы жемқорлық облысымызда таралмаған деген жауап берушілер саны 20 пайызға артып отыр, 2018 жылы 62% болса, 2019 жылы 82%. Жауап берушілердің көбінің ойынша соңғы жылдары жемқорлық деңгейі «едәуір төмендеген»  (67%).

Брифингті қорытындылай келе Н.И.Самет сыбайлас жемқорлдыққа қарсы мониторинг нәтижесі бойынша мемлекеттік органдармен қабылданып жатырған іс-шараларды жақсартуға бағытталған қорытындылар мен ұсыныстарды атап өтті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
82 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
148 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
382 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
864 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1242 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1601 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2217 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2382 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2389 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2440 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2445 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2059 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2924 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2978 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2972 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3585 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3553 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3544 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3520 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3680 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»