БҚО-ДА 30 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕЛДІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылғы мемлекеттік сатып алулардың 54%-ы бәсекелестік ортасына түспей, яғни бір көзден сатып алынған. Бәсекелестік ортада және бір көзден сатып алынған кейбір тауарлар бағасындағы айырмашылық 30%-ға дейін жеткен.

Бұл жағдай бәсекелестік ортасына да, сонымен бірге мемлекет қаражатын үнемдеуге де кері әсерін тигізеді. Сатып алудың 10%-ын оптимизациясын жүргізген жағдайда 2 млрд теңгені үнемдеп, бұл қаражатты одан әрі экономиканың дамуына жұмсауға болады.
Бұл бағыттағы жұмыста кең таралған цифрландыру негізгі құрал болуы тиіс. Цифрландыру мемлекеттік сатып алудың ашықтығына әкеледі және сыбайлас жемқорлықтың түп тамырын жоюдағы қарышты қадам болып табылады.
Осы ретте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласының мониторингін іске асыруда. Бұл порталдың тапсырыс берушілер мен бюджет әкімшілерінің негізсіз бағаны төмендету немесе көтеріп қою, жеткізу мерзімін қысқарту, белгілі бір өнім берушіге ықылас танытуы сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көріністерін анықтау қабілеті автоматтандырылған.
2020 жылдың басынан бері Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аталған жүйені қолданып, мониторинг жүргізу нәтижесінде 30,8 млн.теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің айтуынша, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі тауарлар мен қызметтердің актуальді орташа бағасын белгілі бір лот жарияланған бағасымен осы уақыттағы режимде салыстыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік органдар мен ұйымдарының тауарлар мен қызметтердің бағасын өсіру фактілері анықталды.
Бұл мекемелерге сатып алу жоспарларындағы бағаны медиандық бағаға келтіріп, қайта қарау туралы ұсыныстар жолданды.
Ұсыныстарды орындау нәтижесінде 30,8 млн.теңгеден аса бюджет қаражатының мақсатсыз шығындаудың жолы кесіліп, қаражат үнемделді.
Бұл жағдайда сатып алу жүйесінің қатысушылары жемқорлық тәуекелінің қатерлі аймағында орналасқанын білдіреді және осының салдарынан құзыретті органдардың ерекше бақылауына алынған.
Өткен жылы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік сатып алу саласында 29 қылмыс ашылды.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 558,2 млн.теңгені құрады.
Сонымен қатар Департамент азаматтарды мемлекеттік сатып алу саласында орын алған немесе дайындалып жатырған құқық бұзушылық куәсі болып немесе бұлар жөнінде ақпараты болған жағдайда «1424» Call-орталығы телефон нөміріне хабарласып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды бірлесе атқаруға шақырады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу