8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Наурыз 2020 1573 0
Қоғам

ОБЛЫС, ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ЖАБЫЛДЫ! БЛОК-БЕКЕТТЕН КІМДЕР ӨТЕ АЛАДЫ?

                    Бүгін түнгі сағат 00.00-ден бастап Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирус пандемиясына сәйкес карантин жарияланды. Соған сәйкес, облыс орталығы Орал қаласы да жабылған болатын.  Карантиндік режимдер туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтып берді.  

–  Қазіргі таңда қала аумағында сегіз блок-бекет ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Самара-Шымкент тас жолы бойындағы қалаға кіреберіске, Желаев трассасында, Новенький ауылына барар жолда, Самара-Шымкент тас жолы бойындағы «Ақжол» кафесі тұсына, сондай-ақ Зашаған кентіндегі Жәңгір хан Айтқұлов көшелері, Айтқұлов Саратов тас жолы қиылыстарына, «Көкжиек» ықшамауданындағы  Белес, Ветелки ауылдарына барар жолға сегіз блок-пост орнатылды. Тоғызыншы блок-пост Зашаған кентінен Меловое горки, «Құс фабрикасы» ауданынан шығар жолдағы жаңа көпір, яғни Жол полициясы бекеті тұсында пайда болады. Блок-бекеттерде жергілікті полиция қызметкерлері, эпидемиологиялық мамандар және жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкерлері жұмыс жасауда. Қазір блок-бекеттердегі жағдай тұрақты. Бүгінгі таңда облыс басшылығының ұйғарымымен бір-екі күн түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезекте облыс және қала тұрғындары жұмыс орындарынан жұмыс берушінің анықтамасын алуы керек. Екіншіден, блок-бекеттегі жағдайды ыңғайластыру мәселесі. Өздеріңіз білесіздер, бұрын-соңды мұндай мәселе болған жоқ. Сондықтан бір-екі күн халық көздеген жерлеріне жетіп алуы үшін, жұмыс орнынан анықтама алуы үшін осындай шаралар қабылдануда. Бірақ ертеңнен кейін блок-постылар толықтай жабылады, – дейді қала әкімінің орынбасары Бақытжан Қаберұлы.

Көпшілікті «Блок-бекеттен кімдер өте алады?»  деген сұрақ мазалары сөзсіз. Бақытжан Қаберұлының айтуынша, алдымен шаһар  маңындағы аудандардан келіп қалада жұмыс жасайтындар анықтамаларын көрсетіп блок-постыдан өте алады. Аудандардағы және қалада жұмыс істейтін, яғни  коммуналдық құрылымдар, медициналық ұйымдар  тізімге енбегендер бар. – Бұл орайда іргелес аудандағы, мәселен Теректі, Бәйтерек ауданының әкімдіктері бүгін-ертең аудандарынан қалаға келіп жұмыс жасайтын тұлғалардың тізімін береді. Біз өз тарапымыздан аудандардан келіп жұмыс жасайтын қызметкерлердің тізімін береміз. Екіншіден, егер медициналық ұйымдардың тарапынан   азаматтарға шұғыл медициналық қажеттілік туындаса, блок-бекеттен шыға алады. Үшіншіден, бау-бақша маусымы басталды. Соған байланысты қаланың айналасында орналасқан 200-ге жуық бау-бақша серіктестіктерімен келісіп, тізім жасақтап, сәрсенбі, сенбі күндері ғана қаладан саяжайларына шыға алады, – дейді шаһар басшысының орынбасары.

Бұдан бөлек, кеше бас санитарлық дәрігердің қаулысы таратылған болатын. Егер қосымша сұрақтар туындаса тұрғындар БҚО бойынша Call-орталығы 109 ,  WhatsApp желісінде 8 700 010 91 09 нөмірлері арқылы байланысқа шығып, сауалдарын жолдай алады. Орал қаласы бойынша Call-орталығы нөмірі 50-02-55.

Қазіргі таңда коммуналдық ұйымдар мен блок-бекеттерде тұрған құзырлы органдардың қызметкерлерінің көліктеріне арнайы рұқсат қағазын тарату жұмыстары жасалуда.

Ал БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлімдеуінше,   БҚО бойынша бүгінгі таңда екі науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. Жағдайлары қалыпты. Эпидемиологиялық тексеру барысында екі науқаспен тікелей қарым-қатынаста болған азаматтар оқшауланып, коронавирус жұқпасына сынама алынған. Облыс бойынша  Кумыска және Бәйтерек провизорлық стационарларында 53 адам оқшауланса, Ивушка карантиндік стационарында 38 адам жатыр. Оларға күнделікті медициналық бақылау жүргізілуде. Күні кеше БҚО бас санитарлық дәрігерінің өңіріміздегі коронавирус жұқпасының алдын алуға бағытталған қаулысы шыққан болатын. Осы қаулы негізінде көптеген шаралар күшейтілген. Тізімге сай келмейтін нысандар өз жұмысын тоқтатуда. Азық-түлік өнімдерін сататын дүкендердің жұмыс  уақыты таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ дәмхана, мейрамхана, кафелер үйге жеткізу қызметі болмаған жағдайда жұмысын тоқтатады.  Жалпы облыс бойынша жалпы санитарлық эпидемиологиялық жұмыстар атқарылуда, күшейтілген режимде жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА, 

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
149 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
181 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
431 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
914 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1291 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1177 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1649 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2267 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2431 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2439 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2491 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2494 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2092 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2973 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3025 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3020 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3636 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3602 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3593 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3568 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3729 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»