8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2020 2267 0
Қоғам

САҚШЫЛАР ҚЫЗ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Орал қаласында полицейлер  өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз баланы құтқарды. Оқиға кеше, 12 наурыз күні кешкі уақытта болған. 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметкері А.Ғұбашеваның мәліметінше, кешкі сағат 20.30 кезінде «102» пульт операторына белгісіз біреу хабарласып, Деркөл ауылы аумағындағы Шаған өзенінен өтетін көпірден қыз баланың секіріп кеткенін айтқан.  Сол сәтте сол аумақта кезекшілікте жүрген Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – полиция лейтенанты Парасат  Жолбаев және полиция капитаны Ерлан Қожасов оқиға орнына келіп, айналаны барлап, сол маңайдағы саяжай қоғамының тұрғындарынан қайық сұрастырады. «Суға адам құлап түсті, көмектесу керек» деген сәтте ауыл тұрғынының бірі қайығын берген.

Полицейлер су ортасында денесі су бетінде қалқып тұрған қызға дейін қайықпен жүзіп жетіп, оны көпір астындағы бетон тасқа дейін жеткізеді.  Қыздың әлі де тірі екенін білген олар саол жерде алғашқы көмек көрсеткен. Кешікпей құтқарушылар жасағы да, жедел жәрдем де шақырылды. Сақшылар қыз баланы қайыққа салып, жағаға дейін жеткізіп, дәрігерлердің қолына тапсырады.

Қыз бала 1988 жылғы Орал қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта жағдайы бір қалыпты.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»