8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2020 2118 0
Қоғам

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНҒА ТҮСКЕН СЫЙ

Белгісіз біреулер БҚО Білім басқармасының басшысы мен орынбасарына ұялы телефондарының баланстарын толтырып, сый жасаған.

БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Нұрдәулет Сәметтің мәліметінше, 5 наурыз күні БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Н.Ғабдушевтің ұялы телефонының балансына 5000 бірлік түскен. Дәл осындай сый басқарма басшысы А.Тржановаға да келген. Оған 10 наурыз күні 2000 бірлік көлемінде баланс түсіпті. ҚР «Мемлекеттік қызмет» туралы заңында көрсетілгендей, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті атқару кезінде өзіне келген сыйлықтарды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсыруы керек. Қолданыстағы осы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер тосыннан келген сый туралы өздері хабарлап, өз еріктерімен аталған сомаларды қорға қайтарған.

– Ақшаны аударған тұлғалардың белгісіз болуына байланысты әкімшілік және қылмыстық істер тіркелген жоқ. Өздерінің парасаттылығын көрсеткен мемлекеттік қызметшілерге біз алғысымызды білдіреміз, – деді Нұрдаулет Сәмет.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»