БОЗБАЛАЛАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
Еліміздің Қарулы күштерінің қатары көктемгі науқанда 200-ден аса оралдық жалынды жауынгерлермен толықпақ. Бүгін қаладағы «Жастар» Мәдениет үйінде болашақ сарбаздардың алғашқы легін салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға жас жауынгерлердің ата-аналары, туған-туыстары, қатар-құрбылары жиналды.

Салтанатты шараны ашқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов: – Баршаңызды еліміз үшін маңызды мереке қарсаңында көктемгі әскерге шақыру компаниясының басталуымен құттықтаймын. Отанға қызмет ету – әр азаматтың парызы. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ата-бабамыз осынау ұлан-ғайыр алқапты келешек ұрпағына қалдырды. Батыр бабаларымыз асқақ рухымен, өшпес қайсарлығымен қасық қаны қалғанша шекарамызды қорғады. Бүгін-ертең алыс сапарға аттанғалы отырған азаматтарға ақ жол тілейміз. Осы жерде колледж студенттері, яғни болашақ сарбаздар отыр. Сіздер де алдағы уақытта кәмелетке толып, аяқтарыңнан нық тұрып ел қорғауға атсалысасыздар. Көктемгі әскерге шақыру науқанында 200-ден аса оралдық бозбала шекарамызды күзетуге аттанады деп күтілуде. Солардың алғашқы легі жолға шығады. Бұдан былай әскерге шығарып салу шарасы дәстүрлі түрде өтеді. Өйткені әр жастың тағдыры, ұзақ жолға шығуы – маңызды өмірлік қадам. Осындай қайсар ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға, ұстаздарға алғыс білдіреміз, – дей келіп, жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге үлес қосқан жоғары, арнаулы оқу орындары басшыларына қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Сондай-ақ Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отырған жігіттерге арнайы сыйлықтар табыстады.
– Сіздерге қарап қызығып отырмын. Мұндай сый-құрмет біздің кезімізде болған емес. 1979 жылы 18 жасымда сіздер секілді әскерге аттандым. Кеңес әскерінің жауынгерімін. Қазір жасым 60-қа таяды. Тәуелсіз ел жастарына біз әрдайым сенеміз. Сырым атамыз «Қарадан хан болсаң, халқың қалаған болар, Айырдан нар болсаң, атаң жараған болар» деген. Сендердің де аталарың жарап тұр. Отан алдында қызмет етесіңдер. Ата-бабамыз бізге бейбіт өмір сыйлады. Болашақта елге қызмет етіңдер. Абыроймен оралыңдар, – деп ақжолтай тілегін арнады «Ауған соғысы мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Беркінғали Ғабделов. Сол секілді Қарулы Күштер ардагері, запастағы полковник Мұратбек Сәрсенғалиев, «Ауған соғысы мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Анатолий Боровский жас буынды маңызды қадамдарымен құттықтап, шын көңілден сәт сапар тіледі.
Шараға болашақ сарбаздардың ата-аналары мен туыстары да қатысып, есейіп кетсе де, өздері үшін әлі де бала көрінетін ұлдарын қимастықпен шығарып салды. – Мен Алмас Қуанаевтың атасымын. Кешегі кекілді бала кәмелетке толып, ержетті, міне енді әскерге бара жатыр. Өзім де 1974-76 жылдары Кеңес әскерінің қатарында борышымды өтедім. Бізді ауылдық кеңестің қасынан жүк көлігіне тиеп ап, ауданға апарып түсірді, одан қалаға әкеп, казармаға қамады. Елу жылда – ел жаңа. Қазір жастарды ерекше салтанатпен шығарып салуда. Бұл – Тәуелсіздіктің жемісі. Әскер сіздерді шыңдайды, өсіреді, – деді «тепсе темір үзетін» жігіттің атасы Дәулет Нығметов үлкен тебіреніспен.
Шара соңында Жастар мәдениет үйі өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жастарға ерекше сезім сыйлады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА





Алмас ҚУАНАЕВ, жас сарбаз:
– Осы күнді көптен күткен едім. Ақпанның он бірінде 18 жасқа толдым. Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 3-курсында оқимын. Енді академиялық үзіліс алып, Отан алдындағы борышымды өтеуге аттанып барамын. Теректі ауданы, Подстепный ауылында туып-өстім. Қазір қалада анам, қарындасым үшеуміз тұрамыз. Анам сұлулық салонында еңбек етеді. Мені әскери сала жастайымнан қызықтыратын. Келешекте нағыз азамат болып, шыңдалып, осы салада қызмет еткім келеді.

Еламан ҚОСАЕВ, жас сарбаз:
– Орал политехникалық колледжін «Электромеханика» мамандығы бойынша жақында ғана тәмамдап, дипломымды қолыма алған едім. Өз еркіммен әскерге баруға ұсыныс білдірдім. Денсаулығымда кінәрат жоқ. Алматы қаласындағы шекара қызметінде әскери борышымды абыроймен өтеп қайтуға уәде етемін. Кішкене толқу сезімі бар. Анам мен достарыма уайымдамаңыздар дегім келеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу