ЭКС-ПОЛИЦЕЙ БЕС ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
4 баланың анасын қағып кеткен экс-полицей Медет Рахаділов бес жылға бас бостандығынан айрылды. Бұдан бөлек ол осынша уақыт көлік жүргізу құқығынан айрылды. Орал қалалық қылмыстық сотының судясы Айжан Мырзалы аталған істің бернеше ай бойы қаралғанын мәлімдеді.

– Рахаділов ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3- бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айрылсын. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады,- деді судья Айжан Мырзалы.
Сонымен қатар судья Орал қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметін атқарған 35 жасар Рахаділов сотта жауап беруден бас тартты. Алайда өз кінәсін мойындап, қаза тапқан әйелдің туған-туысқандарының кешірім сұрағанын мәлімдеді. Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылғы 7 желтоқсанда Рахаділов Audi автокөлігімен қауіпсіздікті қамтамасыз етпестен және Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Көлікті басқарушы әйел ауыр дене жарақатын алып, «ашық бас сүйек-ми жарақаты» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. 8-ші желтоқсаннан 9 желтоқсанға қараған түні марқұм есін жимастан көз жұмған болатын.
Еске сала кетеміз, қаза тапқан Іңкәр Бектұрғанованың соңында төрт баласы қалды. Ең кішісі жасқа толмаған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу