8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2020 1036 0
Қоғам

МЕРДІГЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ

       Облыс әкімі Ғали Есқалиев қаланың абаттандырылуын қадағалау барысында өткен рейдте бірқатар коммуналдық қызметтер мен күре жолдың құрылысын жауапкершілігіне алған жауапсыз мердігерлердің жұмысын сынға алды.  

Алдымен өңір басшысы аялдаған Назарбаев даңғылындағы кейбір ғимараттардың қасбетінің сұрықсыздығы бірден көзге ілікті. Қабырғалары қара балшыққа малынған ғимараттың иесі де беймәлім. Осы орайда облыс әкімі «Жайық Таза Қала» коммуналдық мекемесі директоры Ринат Нұрғалиевке алдағы ұлттық мерекеміз –  Наурызға дейін  қала тазалығын қалыпқа келтіруді қатаң тапсырды.

Көктем мезгілінде құрылыс алаңдарындағы ауыр жүк техникаларының тас жолдарды ластайтыны жөнінде де  айтылып жүрген болатын. Бұл мәселе әсіресе, Саратов тас жолы  бойында салынып жатқан көпқабатты  үйлерге қатысты. Рейд барысында өңір басшысы аталмыш аудандағы құрылыс нысандарын аралап, келеңсіз жайттарға куә болды. Себебі, құрылыс алаңдарындағы жүк көліктері дөңгелектері лас күйінде тәуір жолдарды бүлдіруде. Бұл жерлерде арнайы техникаларды жуатын орын қарастырылмаған, құрылыс қалдықтары бейберекет шашылып жатыр. Өңір басшысы бұдан бұлай  негізгі тас жолдарды ластаған жүк көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салынатынын ескертті.

Өңір басшысының айтуынша, нысандарды жоспарсыз тексеруге тұрғындардың өтініш-шағымдары түрткі болған. Жолдардың сапасыздығы жөнінде де халық жиі шағынады.  Тіптен, жақын арада құрылысы біткен жолдардың да сапасы мәз емес, жаяу жүргіншілер жолдарының да төсемтасы шашылып, қармен бірге еріп жатыр.  Бұған дәлел, облыс басшысы бетке алған ұзындығы 2,6 шақырымды  құрайтын Әлия Молдағұлова көшесі.  Аталған күре жолдың құрылысы өткен жылдың қараша айында  аяқталуы тиіс болатын.  Бірақ салғырт жасалған жұмысты тапсырыс беруші мекеме қабылдамаған. Бұл жобаға 300 млн.-нан астам қаржы бағытталып отыр. Алайда мердігер компания «Бірлік» ЖШС басшысы Виссарион Цой тарапынан нормативтік талаптар мүлдем сақталмаған.   – Мемлекеттің қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс. Сапасына толық көз жетпей, мердігерден құрылысты қабылдамау қажет. Ендігәрі бұл компанияға бақылау қатаң болады. Өйткені  аталмыш серіктестік жұмыстарына жұртшылықтан уәжі көп, – деген Ғали Нәжімеденұлы мердігерлер өз міндеттерін талапқа сай атқаруы тиіс екенін жеткізді.

–   Тазалық пен тәртіп ең әуелі, тұрғындардың өзінен басталады. Сол себепті әр тұрғын қала тазалығына бейжай қарамай, абаттандыруға қатысты олқылықтарды байқаса, дереу коммуналдық қызметтің бірыңғай 109 нөміріне, Орал қалалық әкімдігінің инстаграмм парақшасына фото, бейнежазба жібергені жөн. Қазіргі көктемгі мезгілде, қаланың санитарлық тазалығы маңызды. Биыл көктем ерте келді. Сол  себепті наурыздың 5-інен бастап мамырдың 14-іне дейін тазалық айлығы болып бекітілді, – деді қала әкімі Абат Шыныбеков журналистерге берген сұқбатында.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
153 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
183 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
438 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
918 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1295 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1179 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1654 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2272 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2435 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2444 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2495 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2498 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2095 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2977 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3029 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3024 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3641 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3606 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3597 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3733 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»