8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2020 1932 0
Өзек

БӨЛІМ БАСШЫСЫНА ҚОҚАН-ЛОҚҚЫ ЖАСАҒАНДАРДЫҢ СЕБЕБІ ҚАНДАЙ?

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік сатып алуға байланысты шабуыл жасағандар қолға түсті. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтың айтуынша, оқиға 3 наурызға қараған түні Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында болған.


Теректі ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Аслан Даубаевтың үйіне үш адам заңсыз басып кіріп, өміріне қауіп төндіргенін бұған дейін жазған болатынбыз.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 389-бабы 3-бөлігі өзiнше билiк ету және 149-бабы 2-бөлігіне тұрғынжайға заңсыз басып кіру сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілерге қатысты сотпен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беру шарасы қолданылған. Дәлелдемелерді бекіту мақсатында жедел тергеу амалдары жүргізілуде.
Аслан Даубаевтың өзі оқиға мемлекеттік сатып алуға байланысты туындағанын айтады. Бөлім басшысы Аслан Даубаевтан конкурста ұтылып қалған мекеме атынан келгендер мемлекеттік сатып алудың қорытындысын қайта қарауды талап еткен. Мемлекеттік қызметші заңға сүйеніп, бұған илікпеген. Содан ашуға мінген күдіктілер қоқан-лоққы жасап, күш қолданбақ болған.

– Мен өз құқығымды қорғамақ мақсатқа полицейлер шағымдандым. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзім ішімдік ішпеймін. Зиянды әрекеттермен шұғылданбаймын, – дейді Аслан Даубаев.

Осы орайда қарсы тарап жағдайдың мүлде бұлай болмағанын мәлімдеп отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жәбірленушінің дәрігерлер көмегіне жүгінгенін, денесінің әр жері аздап көгергенін жеткізді. Тараптардың шағымдары бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Әзірге аталмыш жағдайға кінәлі тарап анықталуда. БҚО ПД мамандары нақ осы мәселе бойынша алдағы уақытта нақты ақпарат берілітенін мәлімдеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»