ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ ДЕРКӨЛДЕ ЕСЕП БЕРДІ
Қалаға қарасты кенттік, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері аяқталып, қала әкімі А.Шыныбеков халық алдында есеп беруді бастады. Биыл халықтың басым бөлігін қамту мақсатында шаһар басшысының есептік кездесулерін бес аумақта өткізу жоспарланған. Алғашқысы 4 ақпан күні Деркөлде өтті.

Алдымен қала әкімі 2019 жыл бойынша Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Бір жыл ішінде халық саны 2 пайызға көбейген. Қазіргі Оралда ресми есеп бойынша 314 386 адам бар. Оның 20 мыңға жуығы Деркөл тұрғындары. Бұл елдімекен тұрғындарының басты мәселелерінің бірі – «Сарыарқа» шағынауданының жолы. Өткен жылғы есептік жиында жолдың жайы тұрғындар тарапынан көтерілген еді. Алайда, бірнеше жыл бұрын уәде етілген жол әлі жоқ. Күні кеше өтен жиынға қатысушылардың басым бөлігі осы мәселені қайта қозғады. Жол құрылысының әзірге басталмай отырғанын себебін қала басшысы Абат Абайұлы түсіндіріп, тұрғындарды сабырлыққа шақырды.
– Салынатын жол жобасы бұған дейін, яғни былтыр жазғытұры өздеріңізге таныстырылды. Құрылысты бастауға мердігерді анықтау үшін байқау жарияланғанымен, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша қателіктер анықталғандықтан, конкурс тоқтатылды. Өткен жылдың жазында жобаға қайтадан түзетулер жасалды. Жалпы 48 көше бойынша 44 шақырымдық жол салынуы керек. Түзету енгізілген жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шықты. Жалпы құны 3,5 млрд. теңгені құрайды. Бірақ, қазіргі бөлініп отырған қаражат өткен жылғы басталған жобаларды жалғастырып, аяқтауға ғана бағытталып отыр. Бұл жұмыстар үшін бөлінген 3,1 млрд. теңгеге 10 көшенің жолы жасалады. Ал жаңа жобаларға әзірге қаражат жоқ. Дегенмен, Сарыарқаға жол салу бақылауымызда. Болашақта қаржының мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алғашқыда қоғамдық көлік жүретін көшеге, одан кейін магистралды көше жолдарына асфальт төселеді, – деді Абат Абайұлы.
Былтырғы есептік жиында деркөлдіктер тарапынан жалпы 28 сұрақ түскен еді. Қала басшысы әр сұрақ бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндап өтті. Мәселен, Новостройка, Ветелки ауылдары ауыз судың тапшылығын қозғаған болса, бүгінде қос ауылға да таза ауыз су құбыры тартылды. Деркөл өзені жағалауын бекіту бойынша жоба жасақталып, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасына жолданған. Халықтың сұрауы бойынша Деркөлдегі амбулаторияны дәрігерлермен қамту №1 қалалық емхана арқылы жүзеге асуда. «Сарыарқа» шағынауданында №1 емхананың медициналық бекеті ашылып, бір дәрігер мен үш мейіргер 2500 тұрғынға қызмет көрсетуде. Сондай-ақ көше тазалығы, жолдардың сапасын тексеру, қоғамдық көліктердің қозғалысы, спорт үйірмелерін ұйымдастыру және басқа да мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға байланысты жұмыстар жүргізілген.
Жиынның сұрақ-жауап кезеңінде тұрғындардың жол жайынан бөлек көшелердегі еріген қар суын сору, бұралқы иттерді жою, қоқыс контейнерлерін қою, ойын алаңдарын салу жөнінде сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Медбикелердің қызмет көрсету сапасына қатысты сын да айтылды. Қала әкімінің өткен жылғы есебіне деркөлдіктер қанағаттарлық баға берді.
Эльмира НҰҒМАНОВА



Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу