8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2020 1595 0
Өзек

ОРАЛДЫҚ ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАСҚА ҚАЛАЛАРДА ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА МӘЖБҮР

Оралдық жүргізушілер «Е» санатын алу үшін басқа қалаларда емтихан тапсыруға мәжбүр болып жүр. Бұл мәселе  27 қаңтар күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаменті және арнайы мониторингтік тобы және қоғам өкілдерінің  қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өткен кеңесте талқыланды. 

 

Қазіргі уақытта БҚО Мамандандырылған ХҚКО арнайы жабдықталған автодромның болмауына байланысты азаматтар «Е» санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыра алмауда (жүк тіркемесі бар құрамды жүргізу құқығы). Осыған байланысты, кандидаттар тиісті автодромы бар басқа қалаларға баруға мәжбүр.

Жиын барысында БҚО Полиция департаменті, кәсіби жүргізушілердің қоғамдық бірлестігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Мамандандырылған ХҚКО-ның аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну бойынша қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында практикалық емтиханнан өту үшін қолданыстағы автодромның жарамдылығын анықтау жөніндегі арнайы комиссия құру, сарапшылармен бірлесіп БҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тиесілі мотодромда практикалық емтихан тапсыру мүмкіндігін қарастыру, қаланың автомектептеріне тиесілі автодромдарда практикалық емтихандарды ұйымдастыру туралы мәселені қарастыру туралы шешім қабылданды.

Бақылау мерзімі бар тиісті хаттама жасақталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»