ӘМИЯН ҮШІН АДАМ ӨЛТІРДІ
Өзі жоғалтып алған әмияны үшін 34 жасар азаматты өлтірген 1964 жылғы Талғат Тағбергенов енді өмірінің 11 жылын тар қапаста өткеретін болды. Үкім бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында оқылды. Сот төрешісі – Бақыт Ермаханов.

Өткен жылдың қыркүйегінде Оралдың Зашаған кентінде бірге ішімдік ішкен Талғат Тағбергенов пен Айболат Бердіғалиев арасындағы дау Тағбергеновтің қалта телефоны мен әмианының жоғалуынан пайда болады. Айыпталушы Тағбергенов жеке заттарын қайда және қашан жоғалтып алғанын білмей рөмкілесі Бердіғалиевтен сұрайды. Кейін жәбірленуші Бердіғалиев 10-15 минуттан соң Тағбергеновтың жеке дүниелерін өзіне ұсынады да жатып қалады. Осыдан соң ол әмиянын ашып қарап, заттарының жоқ екенін айтып, қайдан және кімнен алдың деп сұрайды. Алайда, Бердіғалиев жауап бермейді. Ашуға булыққан Тағбергенов ас үй пышағын әкеліп, қаперсіз жатқан Бердіғалиевтің жүрек тұсынан салып қалады. Алған жарақатының салдарынан Айболат Бердіғалиев оқиға орнында ұзақ уақыт өтпей жан тапсырады. Оның бұл әрекетін куәгерлер растаған.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермахановтың айтуынша марқұмның соңында 2 баласы қалған.
– Тағбергенов Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1- бөлігімен айыпталып, іс қаралды. Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәржесіне қарай сараланды. Айыпты бұрын сотталмаған жіне 3-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлға болып табылады. Сонымен қатар ол өз жазасын толықтай мойындап шын жүректен өкінуі себепті оған 11 жыл бас бостандығын қауіптілігі барынша жоғары деңгейдегі түзету мекемесінде өтеу жазасын тағайындады деді,– Б.Ермаханов.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу