МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ШАРАЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Биылғы жыл атаулы даталарға толы – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл, қазақтың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қазақстанның Халық жазушысы, ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына – 100 жыл және Қадыр Мырза Әлінің туғанына – 85 жыл.

15 қаңтар күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жиын өтіп, мерейтойларға дайындық шаралары пысықталды. Атаулы мерейтойлардың жұмыс жоспары жасалып, қала әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылған. Бұл жұмыс тобында Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, тарихшы-ғалымдар, ақын-жазушылар бар. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Жиында атаулы даталарға байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылып, қатысушылар мерейтойлық шараларды өткізудің маңызы туралы ой бөлісті.
– Әр мерейтойға орай жоспар дайындалды. Сондай-ақ Әл-Фараби, Абай, Жұбан, Қадырды жастар арасында насихаттау мақсатында қысқаша бейне роликтер дайындалып, әлеуметтік желіде таратылып, кинолекториялар өткізіледі. Абай, Жұбан, Қадыр шығармаларын оқудан челлендждер ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдері арасында да ақындардың өлеңдерін оқудан байқаулар ұйымдастырылмақ. Мерекелік шараларды тойлау қаңтар айының басынан бастау алды. Негізгі көпшілік шаралар қазіргі уақытта балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары арасында басталып, аға буын ардагерлерге дейін әр түрлі жастағы тұрғындарды қамтитын болады, – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.


Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу