8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қаңтар 2020 1493 0
Қоғам

ОРАЛДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР 20 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

Бүгін Орал қалалық Полиция басқармасында 2019 жылдың жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров, қалалық мәслихат депутаты Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев, БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Серік Қойсарыұлы Сүйінбаев, Орал қ.ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Жантемір Таңатарұлы Иманалиев, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Муслим Ғилманұлы Жардемов, Орал қалалық білім беру бөлімінің жауапты қызметкерлері, Орал қ.ПБ, Абай мен Шаған Пб, ППБ, өзге де құрылымдық бөлініс бастықтары мен жеке құрам қатысты.

Жиында алғаш сөз алған басқарма бастығының м.а.полиция майоры Ж.Иманалиев өткен жылдың жұмысын қорытындылап, сеніп тапсырылған бағынысты бөлімдердің жеке құрамымен облыс орталығының аумағында жедел қызмет саласы мен құқықтық тәртіпті нығайтуда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Есепті мерзім ішінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 20 пайызға азайған. Қылмыстардың ұрлық, тонау, бұзақылық сынды негізгі түрлері 1295 фактіге азайған, пәтердің тоналуы 277, ұялы телефон ұрлығы 285, қалта ұрлығы 137, көше қылмыстары төмендеп, тонау 13, бұзақылық 71 фактіге төмен. Бұл сандар қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар іс-шаралардың жүйелі атқарылғанын көрсетеді.

Одан әрі жиында А.Ермекқалиев, М.Жәрдемов сөз сөйлеп, полиция басқармасымен бірлесе жүргізілген жұмыстарға оң баға берді.

Жиында қала әкімі А.Шыныбеков әр жылдың соңында жұмыс қорытындысы шығарылып, алға келелі міндеттер қойылатынына тоқталды. Қала тұрғындарының ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін айтып, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, уақытпен санаспай жұмыстан табылатын тәртіп сақшыларының кез келген төтенше жағдайларға уақытылы ден қоюларын талап етті. Қаламыздың экологиялық тазалығы мен абаттандырылуына баршамыздың үлес қосып, жол-көлік оқиғаларына тосқауыл қойылуын, бұл үшін екі тараптың бірлескен жұмыс бағдарламасына сай жұмыстар жүргізілетінін баяндады. Бүгінгі таңда қала ішінде 200-дей бейнебақылау камерасы мен 20 мыңға жуық жарық шамдары орнатылып, 323 аула жарықтандырылған. Қала басшысы енді  ПИК-інің жаңа жүйеге көшіп, 9 үй жөнделетіні, қоғамдық көліктерге де бейнебақылау камерасы орнатылып, жеке мүлік ұрлығына тосқауыл қою іс шаралары бірлесе жүргізілетінін айтты.  Ал басқарма тарапынан айтылған криминалистік бағытта ритуалдармен бірігіп жұмыстану, УПП-іне қолайлы жағдай туғызып, жаңа ғимаратқа көшіру сұрақтары әкімдіктер тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді.

БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі С.Сүйінбаев 2020 жылдың волонтерлар жылы болып белгіленуіне орай еріктілерді іздестіру шараларына көбірек тартуды ұсынды. Бұл үшін жастар ұйымдарымен ынтымақты жұмыс жүргізуге шақырды.Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуін қатаң талап етті. Жиынды қорытындылаған қала әкімі А.Шыныбеков жұмыла кіріскен әр істің берекелі болатынын айтып, алдағы уақытта жүзеге асатын бағларламалар мен іс шараларға сәттіліктер тіледі.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
84 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
149 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
383 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
865 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1243 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1145 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1602 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2218 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2383 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2390 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2441 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2446 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2060 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2925 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2979 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2973 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3586 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3554 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3545 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3521 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3681 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»