8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қаңтар 2020 1303 0
Қоғам

 7 398 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ

              Ағымдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша реформа басталды. Атаулы әлеуметтік көмектің өзгертілген механизмі ашықтықты, әділеттілікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда жұмыспен қамту орталықтарымен және ауылдық округ әкімдіктерімен 1 688 азаматқа (отбасына) кеңес беріліп, 134 отбасынан өтініш қабылданған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев тарқатып айтты.

 
           Басқарма басшысының мәлімдеуінше, біріншіден, жаңа тәсілдер кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп балалары бар 7 398 көпбалалы отбасыға, отбасының табысына тәуелсіз, сараланған мөлшерде отбасындағы бала санына байланысты жәрдемақыны енгізуді қарастырады (42 500 теңгеден 74 400 теңгеге дейін). Бұл осы категорияны аз қамтылғандардан азайтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, аталған отбасылар қазірдің өзінде бұл жәрдемақы түрін алушылар. Төлем басталды.

Екіншіден, АӘК классикалық моделіне қайта келу (АӘК тоқсан сайын өтініш жазу, өңірлерде бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% (БҚО бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі – 27 298 теңге, кедейшілік шегі – 19 109 теңге). 2020 жылдың 1 қаңтарына АӘК – 12 556 отбасына, оның ішінде 60 804 адамға, 34 840 балаға, 6,7 млрд.теңге төленді. АӘК алушылардың ішінде 3 429 көпбалалы отбасы, оның ішінде 15 430 бала бар. Сонымен қатар, АӘК алушылардың ішінен 1 407 адам, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, 430 адам, оның ішінде 147 көпбалалы ана грант алған, 127 адам шағын несие алса, оның 58-і көпбалалы ана және мүмкіндігі шектеулі жандар.

–   2019 жылы нақты табыстарын жасырып, заңсыз тағайындалған 3 046 отбасы анықталған. Олар бойынша қажетті шаралар қабылдап, бұрын тағайындалған АӘК мөлшерін қайта есептеуге немесе тоқтатуға мәжбүр болдық. Бюджетке 34,5 млн. теңге қайтарылды. Заңсыз алған АӘК бюджетке 1250 отбасы, 139,0 млн. теңге қайтаруы тиіс.  Бүгінде 413 отбасынан бюджетке 34,5 млн. теңге қайтарылды.Жаңа тәсілдер бойынша отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан бас тартқан жағдайда АӘК тоқтатылады, сонымен қатар балаларға да тағайындалған АӘК тоқтайтын болады. АӘК алушылардың балаларына қосымша  кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Мектепке жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар.  Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу. Аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке жастағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында гигиена құралдары, тоқсанына бір рет 1774 теңгеге (балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат); ай сайын 4 710 теңгеге балаларға арналған тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларына сәйкес анықталған азық-түлік жиынтығы қарастырылған, – дейді Алтай Құлқаев.

Күні бүгінде жұмыспен қамту орталықтарымен және ауылдық округ әкімдіктерімен 1 688 азаматқа (отбасына) кеңес беріліп, 134 отбасынан өтініштер қабылданған. «Еңбек» бағдарламасына да өзгерістер енгізілген, атап айтқанда, АӘК алушылар оқу курстарынсыз гранттар және жеңілдетілген шағын несие ала алады. Бағдарлама аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарлануда. Өңірімізде аталған өзгерістерді түсіндіру мақсатында әрбір жұмыспен қамту орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жауапты тұлғалар бекітілген, аудандарға басқарма басшыларының іс-сапарлары ұйымдастырылған.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
139 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
173 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
422 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
905 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1282 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1169 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1640 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2258 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2422 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2430 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2482 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2485 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2084 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2964 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3017 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3011 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3626 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3593 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3584 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3559 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3720 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»