7 398 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ
Ағымдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша реформа басталды. Атаулы әлеуметтік көмектің өзгертілген механизмі ашықтықты, әділеттілікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда жұмыспен қамту орталықтарымен және ауылдық округ әкімдіктерімен 1 688 азаматқа (отбасына) кеңес беріліп, 134 отбасынан өтініш қабылданған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлқаев тарқатып айтты.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, біріншіден, жаңа тәсілдер кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп балалары бар 7 398 көпбалалы отбасыға, отбасының табысына тәуелсіз, сараланған мөлшерде отбасындағы бала санына байланысты жәрдемақыны енгізуді қарастырады (42 500 теңгеден 74 400 теңгеге дейін). Бұл осы категорияны аз қамтылғандардан азайтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, аталған отбасылар қазірдің өзінде бұл жәрдемақы түрін алушылар. Төлем басталды.
Екіншіден, АӘК классикалық моделіне қайта келу (АӘК тоқсан сайын өтініш жазу, өңірлерде бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% (БҚО бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі – 27 298 теңге, кедейшілік шегі – 19 109 теңге). 2020 жылдың 1 қаңтарына АӘК – 12 556 отбасына, оның ішінде 60 804 адамға, 34 840 балаға, 6,7 млрд.теңге төленді. АӘК алушылардың ішінде 3 429 көпбалалы отбасы, оның ішінде 15 430 бала бар. Сонымен қатар, АӘК алушылардың ішінен 1 407 адам, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылса, 430 адам, оның ішінде 147 көпбалалы ана грант алған, 127 адам шағын несие алса, оның 58-і көпбалалы ана және мүмкіндігі шектеулі жандар.
– 2019 жылы нақты табыстарын жасырып, заңсыз тағайындалған 3 046 отбасы анықталған. Олар бойынша қажетті шаралар қабылдап, бұрын тағайындалған АӘК мөлшерін қайта есептеуге немесе тоқтатуға мәжбүр болдық. Бюджетке 34,5 млн. теңге қайтарылды. Заңсыз алған АӘК бюджетке 1250 отбасы, 139,0 млн. теңге қайтаруы тиіс. Бүгінде 413 отбасынан бюджетке 34,5 млн. теңге қайтарылды.Жаңа тәсілдер бойынша отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан бас тартқан жағдайда АӘК тоқтатылады, сонымен қатар балаларға да тағайындалған АӘК тоқтайтын болады. АӘК алушылардың балаларына қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Мектепке жасына дейінгі балалар үшін: балаларға арналған тамақ, гигиеналық құралдар. Мектеп жасындағы балалар үшін – мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу. Аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке жастағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында гигиена құралдары, тоқсанына бір рет 1774 теңгеге (балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат); ай сайын 4 710 теңгеге балаларға арналған тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларына сәйкес анықталған азық-түлік жиынтығы қарастырылған, – дейді Алтай Құлқаев.
Күні бүгінде жұмыспен қамту орталықтарымен және ауылдық округ әкімдіктерімен 1 688 азаматқа (отбасына) кеңес беріліп, 134 отбасынан өтініштер қабылданған. «Еңбек» бағдарламасына да өзгерістер енгізілген, атап айтқанда, АӘК алушылар оқу курстарынсыз гранттар және жеңілдетілген шағын несие ала алады. Бағдарлама аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарлануда. Өңірімізде аталған өзгерістерді түсіндіру мақсатында әрбір жұмыспен қамту орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жауапты тұлғалар бекітілген, аудандарға басқарма басшыларының іс-сапарлары ұйымдастырылған.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу