8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қаңтар 2020 1590 0
Өзек

ОРАЛДА 38 ЖАСАР ӘЙЕЛ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПТЫ

Оралда жол апатынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Асылай Ғұбашеваның айтуынша «Газель» автокөлігінің жүргізушісі С.Штыб көшесімен қиылыста рульге ие бола алмай, тоқтап тұрған қар тазартатын трактормен соқтығысқан.

– Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне соқтырған жол жүру ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Соның салдарынан «Газель» автокөлігінде отырған қала тұрғыны қаза тапты. Үш жасар бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілуде, – деді Асылай Ғұбашева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандарының мәлімдеуінше жол апатынан үш адам зардап шеккен. Жабық бас-ми және басқа жарақат алып, миы шайқалған 38 жастағы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған үш жасар бала мен 40 жастағы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»