8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Желтоқсан 2019 1581 0
Без рубрики

АВИАМОДЕЛЬДЕУДЕН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай авиамодельдеу спорты бойынша облыстық жарыс өтті. Үш бөлім бойынша ұйымдастырылған сайысқа 80-ге тарта оқушы қатысты. 

Модельдердің әрбір класында жеке және командалық біріншілік ойнатылды. Нәтижесінде 400 мм-ге дейін планерлер жарысында І орын Ырысбек Сапарғали (Теректі), ІІ орын Аян Қадырбай (облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы), ІІІ орын Еркебұлан Асқаров (Атырау облысы) иеленді.  400 мм-ден жоғары сайыста І орын Азамат Орынбаев (ОБТШО), ІІ орын Арсен Нугмановқа (Орал НЗМ) бұйырды, ал ІІІ орынға Ерасыл Жомарт (ОБТШО) лайық деп танылды. Резиномоторлы модельдер бойынша І орын Алихан Иденов (Орал НЗМ), ІІ орын Саят Рамазан (Теректі), ІІІ орынды Роман Савичев ОБТШО) өзара бөлісті. Жалпыкомандалық есепте Зияткерлік мектеп командасы жеңімпаз атанса, теректіліктер ІІ орынға тұрақтады, ал үздік үштікті балалар техникалық шығармашылығы орталығы түйіндеді.

– Зияткерлік мектепте авиамодельдеу үйірмесі 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Біз тек құрастырумен ғана емес, ғылыми жобалармен айналысамыз. Мәселен, үйірме қатысушысы Аружан Көптілеу Англиядағы халықаралық жарыстан жүлде алып келді. Қазір Венгрияда осы сала бойынша білім алуда, – дейді Зияткерлік мектептегі үйірме жетекшісі Сергей Кузнецов. Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының директоры Жеңіс Шонбаевтың айтуынша, 2020 жылы авиамодельдеуден республикалық жарыс Оралда өтеді деп жоспарлануда.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»