8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Желтоқсан 2019 1343 0
Өзек

ОРАЛДАҒЫ АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ

Оралдағы Ет комбинаты ауданындағы апатты деп танылған №33 мектеп ғимаратының құрылысы алдағы жылы басталатын болады. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының мамандары мәлімдеді.

Оралдағы Ет комбинаты ауданында апатты деп танылған екі мектеп бар. Олар – №31 және  №33 мектеп. Қазіргі уақытта оқушылар апатты жағдайдағы №31 орта мектепте білім алып жатыр, 380 орынға есептелген ғимарат 1961 жылы салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмеген. Техникалық сараптамаға сәйкес өткен жылы апатты жағдайда деп танылған мектепте қазіргі таңда 410 оқушы екі ауысымда білім алуда. Қаланың бұл ауданында болашақта халық көбеймесе, азаймайды. Жуырда тоғыз қабатты екі үй пайдалануға берілмек. Ш.Айталиев атындағы көшеде үш бірдей бес қабатты үйге тұрғындар қоныстанып үлгерді. Сондықтан мектепте оқушылардың саны азаймасы анық. Енді апатты ғимаратты бұзып, орнына 400 орындық мектеп салу көзделген. Қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Батика Пайдинаның айтуынша, бұзу және салу жұмыстары кезінде оқушылар №32, №34 және №23 мектептерге бөлініп, білім алмақ. Қалада апатты жағдайдағы білім ошағы бір бұл ғана емес. Ал №33 мектепте оқитын 401 бала күні бүгін №2 мектепте білім алуда. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ақжол Ақасовтың айтуынша, ескі ғимараттың орнына 300 орындық жаңа нысанды салудың жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.

– Құны 1,3 млрд. теңге болатын №33 мектеп ғимаратына 2020 жылы әуелі 230 млн. теңге бөлініп, құрылысы басталмақ. Ал №8 мектептің ЖСҚ-сын жасақтауға әзірге қаржы бөлінген жоқ, – деді Ақжол Ақасов.

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектептің 483 оқушысы қазіргі таңда №37 орта мектепте білім алуда. Бұл білім ордасын жаңадан салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасауға бюджетке өтінім жолданған. Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының нақтылауынша, №31 мектеп ғимаратының ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін алдағы жылы қаржыландыру мәселесі қаралатын болады. Тағы бір түйткілді мәселе – облыста үш ауысымда оқитын мектептердің азаймай отырғаны. Оралда №47, №10, №20, №18, эстетикалық бағыттағы гимназияда және Теректі ауданы Подстепный қазақ мектебінде 9486 оқушы бар. Бұл мәселені шешу үшін 4 мың орындық алты мектеп салу қажет. Соның ішінде әзірге қалада №51 мектеп ғимаратына ел қазынасынан 1 млрд. теңге қаралып, құрылысы басталды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
103 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
158 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
398 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
880 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1258 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1154 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1617 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2233 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2398 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2405 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2456 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2461 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2069 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2941 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2994 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2988 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3601 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3570 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3560 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3536 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3696 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»