ОРАЛДА ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Оралда жас ақындар айтысы өтті. «Жастар жылы» аясында «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы мен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы ұйымдастырған айтыс «Жырласа, жастар жырласын» деп аталды. Ақындар сөз орамдарына арқау еткен басты тақырып – айбыны асқақ азаттығымыздың 28 жылдығы.

Айтысқа 14 ақын қатысты. Олар – республикалық, облыстық ақындар аламанына шығып жүрген жас ақындар және тұсауы осы айтыста кесілген студенттер мен мектеп жасындағы өрендер.
Жеті жұптың өнеріне «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Қуаныш, бірнеше республикалық айтыстың жүлдегерлері Жансая Мусина мен Талғат Мықи және «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиевтен құралған қазылар алқасы баға берді. Қадыр орталығына жиналған жұртшылық қиқулап ақындардың шабытын шақырып отырды.
Айтыстың алғаш бастаған №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушысы Әділ Ахметов пен Ақжайық ауданынан келген оқушы Дінмұхаммед Зинеш. Бұл жұпта бұған дейін де сөз аламанына шығып жүрген Әділдің бәсі биік болды. Ақындар айтысын қыздырған екінші жұп – М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенті Мақсат Тұяқ пен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенті Бақнұр Уахит. Бақнұр домбырасын қолға алып айтысқа алғаш шыққанымен, көпшілікті жарқын дауысымен, сазды мақамымен үйіріп алды. Ел тәуелсіздігінің құндылығы, азаттық жолында қыршын кеткен азаматтар туралы орамды ойлар айтылды. Замандастар арасындағы айтыста әзілге де орын берілді. Оралдық Ақтілек Әлібекұлы мен Нұрсұлтан Бақтыбай, Мейірбек Жанболат пен теректілік Нұрдана Темір де әдемі айтыс жасады
Жастар айтысына оқушы өрендердің де қатысқанын және олардың ерекше дайындықпен келіп, қарсыластарына салмақты ой, тапқыр ұйқасымен қарсы тұра білгендерін айта кету керек. Мәселен, Нұрлан Қыдыраш есімді Ақжайық ауданының ақынымен айтысқан сырымдық балғын ақын, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Ерасыл Өміржан елдің бірлігі мен ынтымағын айтып, мағыналы сөз саптады. Ақжайық ауданының ақыны Абылайхан Мақсұтов пен Сырым ауданы Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы Қоңдыкер Елеуовтың жұбына да көпшіліктің қошеметі айрықша соғылды. «Шабайын ауыздықсыз құланға ұқсап, Самғайын түлкі көрген қыранға ұқсап» деп сөз бастаған Қоңдыкер ағасын әзілмен түйреп, намысты бермейтінін жеткізді. Жастарды ұлттық өнерді ұлықтауға шақырған өнерпаз болашағынан зор үміт күттірер рухты азамат екенін байқатты. Дәл осындай аға мен іні арасындағы жарқын айтыстың үлгісін Жаңақаланың жүйрігі Орынбек Меңдіқұлов пен Ақжайық ауданы Еңбекші негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Абзал Наурызғали жасады. Орынбек Абзалдың айтыстағы тұсауын кесіп, ағалық ақ батасын берді.
«Жастар жылы» аясындағы жастардың сөз додасында бірінші орын сырымдық Қоңдыкер Елеуовке берілді. Ақжайық ауданы Еңбекші негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Абзал Наурызғали – екінші, Сырым ауданының тағы бір баласы Ерасыл Өміржан – үшінші орын алды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға демеушілер мен ұйымдастырушылар атынан ақшалай сый ұсынылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА






Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу