ЖАС РОБОТОТЕХНИКТЕР БҮКІЛӘЛЕМДІК ОЛИМПИАДАДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командалары Венгрияның Дьорынан табысты оралды.

Алматы және Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектептер бірлескен командасы WRO чемпионатының (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, елге қола медаль алып келді.
Құрама команда «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі «Ziggurat» роботын таныстырды.
– Жобаның идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінен Даниил Филимоновке тиесілі, онымен бірге Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин жетекшілік етті.
Оралдағы Зияткерлік мектеп командасы Бүкіләлемдік олимпиаданың үздік сегіздігі қатарына кірді. Оралдық робототехниктердің жетекшісі Нұрболат Дағаровтың айтуынша, беделді сайыстың «Топ 8» аталатын категориясы бар. Үздік сегіздікке енген командаларды салтанатты түрде атап, қошеметке бөленеді. Зияткерлік мектептің командасы Regular Junior High санатында (Серік Санжар, Мирас Иманғали) осы аталымға ілікті. Аталған санат бойынша 100-ге тарта команда бақ сынаған екен.
– Біздің алдымызда Тайланд, Тайвань, Ресей, Малайзиядан келген робототехниктер бар. Regular Junior High санаты бойынша қазақстандық робототехниктер алғаш рет үздік сегіздікке кіріп тұр. Бұл – жақсы жетістік, – дейді Нұрболат Сәрсенғалиұлы.
– Олимпиада кезінде көптеген өзге ұлт өкілдерімен танысып, достар таптық. Алғаш рет бүкіләлемдік жарысқа қатысқанымызбен, сайыс кезіндегі тапсырмаларды уақытылы шешуге тырыстық, – дейді Серік Санжар мен Мирас Иманғали.
Венгрияның Дьор қаласында өткен WRO – 2019 «Ақылды қалалар» тақырыбына арналды. Онда әлемнің 73 мемлекетінен 400-ден астам құлтемір құрастырушылар шеберліктерін көрсетті.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу