БАЛАЛАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӨЗЕКТІ
11-12 қараша күндері Орал қаласында «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін жүзеге асырудағы кластерлік тәсіл» атты халықаралық форумы өтті. Форумға Қазақстан Республикасының мемлекеттік ведомстволары мен қоғамдық ұйымдары, балалар туристік ұйымдары, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, ғалымдар, балалар туризмі проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдарының, Ресей Федерациясының қосымша білім беру ұйымының өкілдері қатысты.

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен форумның пленарлық отырысына жиналғандар алдымен «Туристік кластер – балалар туризмі: мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы көрме жұмысын тамашалады. Бұдан соң көпшілік назарына «Орал өңіріндегі балалар туризмі сыр шертеді» фильмі ұсынылды. Фильм өңіріміздегі балалар туризмінің негізін қалаған, оны кластер ретінде қалыптастыру жолында 30 жылдан астам облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры болып еңбек еткен Виктор Фоминге арналды. Шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев: – Ақ Жайық өңірінде маңызы зор шара ұйымдастырылуда. Біздің ана тілімізде «өлкетану» деген керемет сөз бар. Отан деген туған жерден басталады. Еліміздің әр азаматының қанында туған елге деген махаббат бала жастан оянады. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойындағы бала кезден қалыптасқан Отанға деген патриоттық сезім өмір бойы жалғасуы тиіс. Осы бағытта күн сайын тәрбиелеуіміз керек. Басқосудың басты мақсаты – ортақ мәселені талқыға салып, өлкетану ісін дамыту жолдарын бірлесіп анықтау, – дей келіп, халықаралық форум осы мақсатта жемісті еңбек етіп, бар өмірін осы салаға сарп еткен адал азамат Виктор Фоминді еске алуға бағытталғанын атап өтті.
Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева туризм, табиғатқа деген сүйіспеншілік арқылы жасөспірімдерге тәрбие берілетінін, тал бесіктен, жөргектен бастап олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі болса, еліне, жеріне, ата-анасына деген сыйластығы орнығатынын тілге тиек етті. Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов форум еліміздің отансүйгіш азаматтарының көбейуіне ықпал ететінін жеткізді. – Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына жаңа басшы табылар, бірақ Виктор Павловичтей өз Отанын шексіз сүйетін ұлы патриоттың орнын алмастыру оңай емес. Бір кездері барлық спорт мектептеріне жабылу қаупі төнгенде, Виктор Павлович оларды сақтап қана қалмады, дамытты. Қашан да тығырықтан шығудың жолдарын таба білді. Балалар туризмінің дамуына жанын салды, – дей келіп, В.Фомин туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Ресей Федерациясынан келген өлкетанушы-ғалымдар да балалар туризмінің дамуына жанын салған арда азаматтың орнын ешкім алмастыра алмайтын айтып, көздеріне жас алды.
Қазақстандағы туризмнің дамуының негізгі мақсаты заманауи бəсекеге қабілетті туризм саласында туристік кешен қалыптастыру. Ішкі туризм саласында туристік кластердің сапалы қызмет атқаруының тиімді факторы – балалар туризмінің дамуы. Форум аясында Қазақстандық туризмді дамытуға арналған ТОП – 50 туристік нысандардың құрамына енген – Батыс Қазақстан облысы балалар және жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметі насихатталды.
Бүгінгі таңда облыста 14 балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтары мен станциялары жұмыс істейді. Өңір оқушыларының 12 пайызы орталықтар қызметімен қамтылған. Балаларға туристік-өлкетану қызметі арқылы үздіксіз білім мен тәрбие берудің толыққанды жүйесі құрылды. Ресей Федерациясы және басқа да шетелдердің балалар ұйымдарымен халықаралық конференциялар мен іс-шаралар өткізуде тәжірибе жинақталып, халықаралық байланыстар қалыптасқан. Республикалық туризмді дамыту мәселелерін талқылаған екі күнге созылған форум шеңберінде өткізілген шеберлік-сыныптар дискуссиялық алаң түрінде өтті. Батыс Қазақстан облысының туризм орталықтарының іс-тәжірибесі экскурсиялық-танымдық бағдарламалармен таныстырылды. Балалар туризмінің дамуы мектепке дейінгі ұйымдарда шеберлік сыныптар арқылы көрсетілді. Ал Бәйтерек ауданында жас туристер станциясына экскурсия барысында қонақтар ауданның көрікті жерлерімен және туристік ресурстарымен танысты.
Айта кету керек, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында Виктор Фоминге арналған мемориалдық тақта ашылды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу