АЛИМЕНТ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРҒАН 87 БОРЫШКЕР АНЫҚТАЛДЫ
БҚО Бөрлі ауданы прокуратурасы атқарушылық құжаттардың орындалуына талдау жүргізіп, алимент төлеуден қасақан жалтарған 87 борышкерді анықтады. Олардың жалпы берешегі 12 млн. теңгені құрап отыр. Бұл туралы БҚО прокуратурасы мәлім етті.

Прокуратура өкілдері хабарлағандай, алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 аудан тұрғыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 53 борышкерге шекарадан шығуға уақытша тыйым салынып отыр.
Сондай-ақ, 4 қарашада борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыспен қамту орталығында арнайы жәрмеңке өткізіліп, оған 20-дан астам мекеме өкілдері қатысты. Нәтижесінде алименттен жалтарған 17 азаматқа жұмысқа орналасуға жолдамалар берілген.
Осы жылы прокуратура мен сот орындаушылардың ұйымдастыруымен дәл осындай 2 жәрмеңке өткізіліп, 9 тұлға жұмысқа орналыстырылғанын атап өту керек. Мәселен, 1 млн. теңге қарызы бар борышкер Е. Бөрлі колледжіне жүргізуші ретінде, ал берешегі 2 миллион теңгеге жуық К. «Конденсат» компаниясына күзетші-инспектор ретінде жұмысқа қабылданған. Ал 2015 жылдан бері алимент төлемей келе жатқан Б. есімді Ақсай қаласы тұрғынына қатысты полиция ҚК-нің 139-бабы 1-бөлігімен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу